Міндеті мен мақсаты

МІНДЕТІ:
«Қазгермұнай» БК ЖШС-нің міндеті - өндіріс тиімділігін қамтамасыз ету, табиғи ресурстарды ұқыпты пайдалану және әлеуметтік капиталды дамыту арқылы қоғамның энергетикалық ресурстарына деген мұқтаждығын қанағаттандыру және өңірлік дамудың басымды тапсырмаларын орындау.
Тиімді әрі тұрақты қызмет ететін мұнай-газ шығарушы компания ретінде, біздің міндетіміз табиғи ресурстардың қуатын адам мен қоғамның игілігіне айналдырып, өңірдегі ұзақ мерзімдік экономикалық өсуді, әлеуметтік тұрақтылық пен гүлденуді қамтамасыз ету.

МАҚСАТЫ:
Қаржылай табысты Компания бағдарын сақтап дамыту және «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ және «ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз» АҚ активтері арасында да, сондай-ақ технологиялық, басқарушылық және әлеуметтік стандарттарды енгізу мен дамыту негізінде ТМД-дағы өз санатындағы компаниялар арасында да нәтижелілік пен тиімділік көрсеткіштері бойынша жетекші компания ретінде танылу.

Мақсат тұжырымдамасын нақтылау және негізгі анықтамаларды түсіндіру:
Қаржылай табысты – «Қазгермұнай» БК» ЖШС бюджеттің кіріс және шығыс бөліктері бойынша мақсаттық көрсеткіштерін орындайды, сонымен қатар Компанияның, және де оның Қатысушыларының құнын арттыратын тұрақты мақсатты ақша ағынын қамтамасыз етеді.
«Қазгермұнай» БК» ЖШС қаржылай табыстылығының қорытынды көрсеткіші – таза кіріс көрсеткіші болып табылады.
Жетекші компания болып танылған – «Қазгермұнай» БК» ЖШС-і Қатысушылардың мақсат-армандарымен ортақтасып, IHS CERA халықаралық аналитикалық агенттіктің әдістемесі бойынша рейтингке сәйкес, ТМД-ғы екі ең тиімді әрі нәтижелі мұнай-газ шығарушы компаниялардың бірі болуға ұмтылады.
Өз санатыӨз санаты – Upstream секторында (мұнай және газ барлау және шығару) операциялық қызметін жүргізетін, және төмендегі салыстырмалы сипаттарға ие ұқсас компаниялар:

  • 2Р санатының мұнай қорларының көлемі;
  • Негізгі кен орындарының жасы;
  • Өнімді қабаттардың орналасу тереңдігі (тереңдіктердің жалпы диапазоны);
  • Кендердің сыйымдылық-сүзгіштік қасиеттері;
  • Қабаттық және газсыздандырылған мұнайдың физика-химиялық қасиеттері;
  • Өңдеп-шығару жолы;
  • Ұңғымалардың орташа дебиттері;
  • Суланғандық көрсеткіші;
  • Қабаттық қысымды бірқалыпты ұстау жүйесі;
  • Компания тұрғысынан ұңғымалар қорының жағдайы;
  • Ауа райы және климаттық жағдайы.
  • Ауа райы және климат жағдайы.


Нәтижелілік (№1 басымдылық) – «Негізгі өндірісті дайындау және қостауды іске асыру» және «Негізгі өндірісіті іске асыру» бизнес-үдерістер аясында жаңа технологияларды жүйелеу мен енгізу арқылы берілген активке арналған бекітілген жоспарға сәйкес мұнай және газ шығару көлемі.

Тиімділік (№2 басымдылық) – өндіруге жұмасалатын (алдымен лифтинг-шығындар және үлесті әкімшілік шығындар) операциялық шығындар, жайластыруға жұмасалатын күрделі шығындар (Development Cost), еңбек өнімділігін жайластыруға жұмсалатын шығын және мұнай баламасының барреліне таза түсім бойынша «Қазгермұнай» БК» ЖШС –і үлестік көрсеткіштері Компанияның мақсаттар шежіресінің бекітілген негізгі қызмет көрсеткіштерінің аралығында болуы керек.

Басқару стандарты:

  • «Қазгермұнай» БК» ЖШС-і қызметкерлері басқару шешімдерінің жоғары сапасы мен бизнес-үдерістердің шешімдерін (шығу жолдарын) қамтамасыз ететін, жұмысының нәтижелілігімен, тиімділігімен және кәсіби этикасымен ерекшеленетін, енгізілген жетекші құжаттар ретінде тіркелген «Қазгермұнай» БК» ЖШС- нің Қатысушылары мақұлдаған тиімді қызмет сызбасы;
  • енгізілген заманауи басқару стандарттары «Қазгермұнай» БК» ЖШС-і негізінде басқа «Қазгермұнай» БК» ЖШС-і Қатысушыларының активтері үшін тәжірибенің таралымын кеңейтетін алаңша құруға негіз болуы қажет.

Технологиялық стандарт – нормативті-техникалық құжат, ол «Қазгермұнай» БК» ЖШС-нің негізгі өндірістік үдерістеріне қолданылатын немесе енгізілуі жоспарланған нормалар, ережелер мен талаптар кешенін орнатады.

  • Технологиялық стандарттар «Қазгермұнай» БК» ЖШС-і Қатысушыларының стандарттарына сай әзірленіп, келесі үдерістер элементтеріне қолданылады:
  • Жабдық;
  • Технология;
  • Тауарлар, жұмыстар мен қызметтер (ӨҚ кірісінде).

Аталмыш стандарттарды әзірлеу, бейімдеп ұстану Компанияның өз санатында операциялық басымдығын қамтамасыз ету керек.
Әлеуметтік стандарттар – «Қазгермұнай» БК» ЖШС-і Қатысушылары мақұлдаған, Компания қабылдап тәжірибе жүзінде жүзеге асыратын мүдделі тараптармен (әлеуметтік базис) әлеуметтік серіктестік саласындағы қарым-қатынас үлгісі.
Мүдделі тараптарға келесілер жатады:

  • Компания қызметкерлері мен олардың жанұя мүшелері (1-ші деңгейдегі туысқандық);
  • Орталық және жергілікті басқару органдары;
  • Компания қызметі өңірлеріндегі жергілікті бірлестіктер;
  • Бейкоммерциялық ұйымдар.
  • Әлеуметтік стандарттар аясында келесілер сипатталады:
  • Компанияның әлеуметтік саясатын жүзеге асыру мақсаттары, бағыттары мен түрлері;
  • Әлеуметтік бағдарламаларды қаржыландыруға бөлінетін ең ауқымды қаражат көлемі;
  • «Қазгермұнай» БК» ЖШС әлеуметтік жауапкершілігінің нақты шектері. 

 

Басқарма блогы

Лю Шаою
Бас директор
Ізмұханбет Ринат Нұрғожаұлы
Бас директордың бірінші орынбасары

Сауал қою