Қоршаған ортаны қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік


 

«Қазгермұнай» БК ЖШС өндірістік қызметін Қазақстан Республикасының еңбек қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы ұлттық заңдылықтарына сәйкес жүзеге асырады. Серіктестіктің техника қауіпсіздігі мен еңбек қорғауды басқару жүйесі OHSAS 18001:2007 халықаралық стандарттарына  сай сертификитталған.

 Еңбек қорғау және қызметкерлеріміздің қауіпсіздігі басты маңыздылыққы ие.   Біздің саламыз қауіпсіз жұмыс ортасын қамтамасыз ету мақсатында тиімді басқаруды талап ететін шарасыз тәуекелдерден тұрады. Аталған тәуекелдерді жою не жеңілдетуге тырысамыз.
Серіктестікте еңбек және қоршаған ортаны қорғау саласы бойынша төменде көрсетілген мақсаттар бекітілген Стратегия дайындалып, қабылданды:
  • қызметкерлердің өмірі мен денсаулығын сақтау;
  • қызметтік міндеттерін орындауда жарақат алудан сақтау;
  • жеке басын қорғау құралдарының сапалық ерекшеліктерін әрдайым жақсартып отыру;
  • қауіпті өндірістік нысандардағы апаттар деңгейін азайту;
  • қызметкерлерге арналған өнеркәсіптік, өрт қауіпсіздігі және еңбек қорғау саласындағы міндетті оқулардың сапасын жақсарту;
  • аурулардың алдын-алу және қызметкерлерді сауықтыру;
  • еңбек қорғау, өрт, өнеркәсіптік қауіпсіздік және қоршаған ортаны қорғау саласындағы өндірістік құрылымдық бөлімшелер басшыларының көсбасшылығын қалыптастыру;
  • өрт, өнеркәсіптік қауіпсіздік, еңбек және қоршаған ортаны қорғау саласындағы талаптарды орындауда қызметкерлердің жауапкершілігін қалыптастыру.  

 

 
Белгіленген мақсаттарға жету мақсатында Серіктестік келесі шараларды жүзеге асырады:
 
  • «2016 жылға арналған қызметкерлерді сауықтыру жөніндегі іс-шаралар Жоспары» дайындалды;
  • қызметкерлер жыл сайын кезеңдік медциналық профилактикалық тесеруден өтіп тұрады;
  • медициналық тексерудің қорытынды актісінің негізінде қызметкерлерге санаторлық-курорттық емдеу шаралары ұйымдастырылады, сонымен бірге қызметкерлер стационарлық және амбулаториялық емдеуге жіберіледі, бұдан әрі қызметкер тұрғылықты мекен-жайы бойынша диспансерленеді;
  • қызметкерлер арасында мезгілдік обаға және тұмауға қарсы екпе жұмыстары жүргізіледі;
  • қызметкерлер арасында «Пайдалы тағамдармен тамақтану» бағдарламасы енгізілді;
  • қызметкерлер арасында үнемі салуатты өмір салтын насихаттау жұмыстары жүргізіледі;
  • жұмыс орындарының еңбек қорғау нормаларына сәйкестігі уақытылы аттестациядан өткізіліп тұрады;
  • өндірістік нысандарының өнеркәсіптік қауіпсіздік декларациялары бар; 
  • алынатын ЖҚҚ техникалық ерекшеліктерін жақсарту бойынша ұдайы жұмыс жүргізіліп отырады;
  • Өндірістік тәуекелдер анализден өткізіліп, бағаланады;
  • Еңбек қорғау қауіпсіздігі және оны жақсарту жолдарын басқару жүйесінің тиімділігі үнемі бақыланып, бағаланып отырады.
 
ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІ
 
Серіктестіктің әрбір кенішінде КАМАЗ автокөліктерімен жарақтандырылған, тиісті өрт-техникалық құралдармен жабдықталған өрт депосы бар. Өртке қарсы қызметтің жеке құрамындағы әрбір қызметкердің арнаулы білімі, жұмыс өтілі бар, олар жауынгерлік киіммен және басын қорғау құралдарымен қамтамасыз етілген. Серіктестік қызметкерлеріне тұрақты түрде өрт-тактикалық оқу ұйымдастырылып тұрады. 

 

Серіктестіктің барлық өндірістік нысандары мен тұрғын жайлары автоматтандырылған дабыл қондырғысымен, хабарлау және автоматтандырылған өрт сөндіру жүйесімен жабдықталған. Серіктестіктің кеніштердегі нысандарын өрттен тәулік бойы кезекшілікпен жұмыс жасайтын мемлекеттік емес өртке қарсы қызметі қорғайды. 

 

 

Басқарма блогы

Лю Шаою
Бас директор
Ізмұханбет Ринат Нұрғожаұлы
Бас директордың бірінші орынбасары

Сауал қою