Тарих

«Қазгермұнай» БК» ЖШС тарихы

1984 жыл. Оңтүстік Торғай ойпатының Арысқұм жеріндегі алғашқы ірі Құмкөл мұнайгаз кен орны ашылды.
1985 жылдан бастап Оңтүстік Торғай ойпаты мұнай мен газды қарқынды іздеп барлайтын нысанға айналады. Арысқұм жеріндегі ЖТНӘ сейсмикалық барлау, бейінді құрылымдық, параметрлі, барлау және іздестіру-бұрғылау жұмыстарының нәтижесінде бірқатар мұнай мен газ кен орындары анықталды: Арысқұм, Майбұлақ, Оңтүстік Құмкөл, Қоныс, Бектас, Қызылқия, Батыс Нұралы, Кенлік және т.б.
1986-1987 жж. Ақшабұлақ ауданы Тұрлан геофизикалық экспедициясы жүргізген ЖТНӘ өңірлік барлау және сейсмикалық бейіндеумен анықталды.
1988 жыл. Алаңда іздестіру-бұрғылау жұмысы басталды.
1989 жыл. 7 ұңғымада 1806-1824,4 м аралықты сынағанда, оңтүстік күмбез дөңесін бұрғылағанда, юра дәуірінің мұнайлы шөгінділері табылды. Тәулігіне 142,3 м3 дебитті мұнай фонтаны ағыны алынды. Солтүстік күмбездің мұнайлылығы 1990 ж. № 11 ұңғымамен белгіленді. Бұл ұңғымаларды бұрғылау нәтижесінде төменгі қыртыста М-II-1, М-II-2 мұнай қабаттары, ақшабұлақ қабатында Ю-0, жоғарғы құмкөлде - Ю-I, Ю-II – жоғарғы құмкөлде, Ю-III – жоғарғы юра дәуірінің ортаңғы қабатында табылды.
1991 жыл. Алаңда барлау бұрғылау жұмысы басталды.
1993 жыл. «Қазгермұнай» БК» ЖШС негізін қалаған «Южнефтегаз» АҚ және неміс компаниялары тобының арасында (Feba Oil AG және Erbdol Erdgras Gommern GmbH) Қазақстан басшылығының қатысуымен құрылтайшылық келісім-шарт жасалды:
- «Южнефтегаз» АҚ - 50%
- Feba Oil AG – 25%
- Erbdol Erdgras Gommern GmbH – 25%
1994 жыл. 1988 - 1994 жж. Аралығында Орталық Ақшабұлақ құрылымының алаңында 9 іздестіру және 7 барлау ұңғымалары бұрғыланып сыналды.
Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде Ю-III пен М-II қабаттарының мұнай кендері егжей-тегжейлі зерттелді. 01.09.95 ж. зерттелу жағдайы бойынша Ю-III негізгі өнімді қабаттың мұнай қорларын есептеп анықталып ҚР ҚМК-да бекітілді.
«Қазгермұнай» БК» ЖШС Ақшабұлақ, Нұралы, Ақсай кен орындарын зерттеуге ҚР Құзыретті Органының Лицензиясын алды.
Берілген Лицензияның негізінде Ю-III пен М-II қабаттарының мұнай кендерін егжей-тегжейлі зерттеу жұмыстары жүргізілді. 01.09.95 ж. зерттелген жағдайы бойынша Ю-III негізгі өнімді қабаттың мұнай қорларын есептеп анықталып ҚР ҚМК-да бекітілді.
1995 жыл. Компанияның жаңа құрылтайшысы әлемге танымал неміс компания РВЭ-ДЭА АГ, Feba Oil AG 25% үлесін иеленді.
1996 жыл. «Южнефтегаз» АҚ «Харрикейн Құмкөл Мұнай» АҚ компаниясымен меншіктелді.
Қазақстан Республикасы Геология және жер қойнауын қорғау министрлігі қарауындағы Ведомствоаралық лицензиялық комиссия мәжілісінің 1996.15.04. № 16 хаттамасына сәйкес Ақшабұлақ, Нұралы және Ақсай кен орындары бойынша жер қойнауын пайдалану құқығына берілген Лицензиялар 3 дербес жер қойнауын пайдалану нысандары ретінде қайта ресімделді. 1996-97 жж. Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚР Ақшабұлақ, Нұралы және Ақсай кен орындарында жер қойнауын пайдалану құқығына дербес Лицензиялар берді. 3 Лицензияның негізінде 1996 ж. 28 мамырда жер қойнауын пайдалану бойынша операциялар Шартына қол қойылды.
Сол жылы «Байқама пайдалану жобасына» сәйкес Орталық Ақшабұлақ және Нұралы кен орындарының өңделу жұмыстары басталып, «Қазгермұнай» БК» ЖШС алғашқы мұнайы шығарылды.
1997 жыл. Құрылтайшылар қатарына Бүкіләлемдік банк құрылымына кіретін Халықаралық Қаржы Корпорациясы қосылды. Корпорация Erbdol Erdgras Gommern GmbH компаниясының 7,5% үлестік қатысуын сатып алды.
Осылайша, сол уақытта «Қазгермұнай» БК» ЖШС құрылтайшылары келесілер болды: «Харркейн Құмкөл Мұнай» АҚ - 50%, РВЭ-ДЭА АГ – 25%, Gaz de France (EEG GmbH қожайыны) – 17,5% және Бүкіләлемдік банк ХҚК – 7,5%.
1999 жыл. Байқама пайдалану жобасы аясында Орталық Ақшабұлақ және Нұралы кен орындарында ақпанда 100 000 тонна мұнай шығарылды.
2001 жыл. Орталық Ақшабұлақ кен орнын тәжірибелік-өндірістік өңдеу және Шығыс Ақшабұлақ, Нұралы және Ақсай кен орындарында өңдеу жұмыстары үдерісінде қаңтар айында «Қазгермұнай» БК» ЖШС өзінің алғашқы миллион тонна мұнай өңдегенін мерекеледі. Бұл көрсеткіш жас мұнайгаз шығарушы компанияның құрылуын анықтап оның ҚазақстанРеспубликасының ірі мұнайгаз шығарушы кәсіпорындарының қатарына енді.
2003 жыл. «Харрикейн Құмкөл Мұнай» АҚ корпоративтік атауын компания өз қызметін іске асыратын компания мен мемлекеттің қызмет түрін айқын көрсету мақсатында «ПетроҚазақстан Құмкөл Рессорсиз» АҚ деп ауыстырды.
2003 жылы «Қазгермұнай» БК» ЖШС үшін дамудың кезекті үлкен қадамы жасалды, кәсіпорын Энергетика және минералды ресурстар Вице-министріне ГӨҚ (газды өңдеу құрылғысын) сатып алу, жеткізу, монтаждау және орнату бойынша толық жоспарын ұсынды.
2004 жыл. Кәсіпорын 5 000 000 тонна мұнай шығарып үлгірді. Мұнай шығару көлемінің едәуір артуы ГӨҚ құру және Қызылорда қ. жаңа 124 км Ақшабұлақ-Қызылорда газ құбыры арқылы тауар газымен жабдықтау, сонымен қатар газ тұтынатын ұйымдарға сұйылтылған газды өндіріп жеткізу арқылы жол үсті газын кәдеге жарату қажеттігін тудырды.
2005 жыл. Газды кәдеге жарату және ГӨҚ пайдалануға беру бойынша бағдарламаны орындаудың арқасында Қызылорда қ. алғашқы рет көгілдір отын жеткізу басталды.
2006 жыл. Компания үшін жаңа табиғи кезең басталды: «Қазмұнайгаз» Ұлттық Компаниясы» АҚ «Қазгермұнай» БК» ЖШС жарғы капиталындағы 50% үлесін РВЭ-ДЭА, ЭЭГ және ХҚК-дан сатып алды. Осылайша кәсіпорын жартылай Қазақстан Республикасының мемлекеттік меншігіне өтті.
2007 жыл. «Қазмұнайгаз» ҰК» АҚ өзінің БК жарғы капиталындағы 50% үлесін «Қазмұнайгаз» Барлау және Өңдеу» АҚ еншілес компаниясына сатты. Қазақстан тарапынан оператордың кен орнын өңдеуге қатысуы отандық өндірісті дамытуға себепкер болды.
2008 жыл. Тек бір-ақ жылдан соң, компанияны басқару «Қазмұнайгаз» БӨ» АҚ қолына өткеннен кейін БК кен оындарын өңдеу келесі сатыға өтіп, жылдық мұнай шығару көлемі 3 млн. тоннадан асты. Сол 2008 жылдың өзінде «Қазгермұнай» БК» ЖШС компанияның құрылуынан бастап 15 жылдығын атап өтті, және бұл мерейтой 15 миллион тонналық мұнай шығарумен сәйкес келді.
2009 жыл. «Нұралы кен орнын жайластыру жобасын дүзеге асыру аяқталды.
2010 жыл. «Қазгермұнай» БК» ЖШС әлеуметтік жауапкершілікті компания болып табылады, бұған бір дәлел – Қызылорда қ. тауарлық газдың көбірек көлемін жеткізу үшін кәсіпорын газ өңдейтін тағы бір құрылғыны – УПГ-2 құрғандығы, осылайша көгілдір отынның тұтынушыларының саны артты.
2013 жыл Серіктестік үшін айрықша әрі жарқын болды, компания өзінің 20 жылдық мерейтойын атап өтті. Мейрамға Қазгермұнайдың ұжымымен бірге, қаланың мыңдаған тұрғындары мен қонақтары келіп, қаланың орталық алаңында өткен бірқатар сауық бағадарламалары мен жойқын гала-концерттің көрермені болды. Сонымен бірге компанияның ең маңызды көрсеткішіне қол жеткізілді – қаңтар айында 30 миллион тонна мұнай өндірілді.

2014 жылы Ақсай кен орны іске қосылды. Ақсай кен орнының мұнай қоры Ақшабұлақ және Нұралы кен орындарына қарағанда анағұрлым аз. Алайда газға бай Ақсай кен орны жобасының жүзеге асырылуы компанияның газ өндіру деңгейінің жылына 550 млн. м3 жетуіне ықпал етіп, Қызылорда қаласы тұрғындарын көгілдір отынмен тұрақты қамтамасыз етуге мүмкүндік береді. «Қазгермұнай» БК ЖШС Ақсай кен орнын іске қосу арқылы қызметкерлері санын 720 адамнан 742 адамға көбейтті. Өндірістік қызметкерлердің жалпы саны 555 адамды, ал кеңсе қызметкерлері мен Астана, Алматы қалаларындағы өкілдіктері қызметкерлерінің саны 187 адамды құрайды.

2015 жыл. «Қазгермұнай» БК» ЖШС ұлттық статистикалық саралау мәліметтеріне негізделіп өткізілетін, Қазақстан экономикасының көшбасшы кәсіпорындары "Сала көшбасшысы" (шикі мұнайды және ілеспе газды өндіру) Жалпы мемлекеттік республикалық рейтингтік марапаттау бағдарламасының қорытындысы бойынша алтын марапатқа ие болды.

2018 жыл. 2018 жылы "Қазгермұнай" компаниясы 25 жылдық мерей тойын атап өтті. Компанияның мұнай өндіру қоры 46 миллион тоннаны құрайды.
«Қазгермұнай» БК ЖШС «Парыз» конкурсының «Үздік әлеуметтік жауапкершілікті кәсіпорын» номинациясы бойынша Бас жүлдені иемденді. Конкурс Ел басының шешімінің негізінде ұйымдастырылады. Конкурстың мақсаты – жеке кәсіпкерлік субъектілерін әлеуметтік мәселелерді шешуге ынталандыру.
Компанияның әр жылдары әртүрлі номинациялармен алған «Парыз» конкурсының үш жүлдесі «Бас жүлде» алуға септігін тигізді: 2010 жыл - «Үздік әлеуметтік жауапкершілікті кәсіпорын» номинациясы бойынша «Парыз» конкурсының үшінші жүлдесі, 2011 жылы – «Үздік ұжымдық шарт» номинациясы бойынша «Парыз», 2012 жылы «Экологияға қосқаны үшін» «Парыз» конкурсының жеңімпазы.

2023 жыл. Серіктестікке 30 жыл толды.

19 мамырда жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың қолданылу мерзімі ұзартылды, ол бұрынғы редакциясында 2024 жылғы 1 наурызға дейін қолданыста болды.  ҚР Энергетика министрлігі, "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ, "ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз" АҚ және "Қазгермұнай" БК "ЖШС арасында № 7 толықтыру жасалғаннан кейін Ақсай кен орны бойынша 2032 жылғы 1 наурызға дейін және кен орындары бойынша жер қойнауын пайдалану операцияларының мерзімдерін ұзарту көзделеді Нұралы, Ақшабұлақ Шығыс, Ақшабұлақ Оңтүстік, Ақшабұлақ Орталық, Ақсай Оңтүстік 2034 жылдың 1 наурызына дейін.

Басқарма блогы

Лю Шаою
Бас директор
Ізмұханбет Ринат Нұрғожаұлы
Бас директордың бірінші орынбасары

Сауал қою