Тянь Кэцзянь

           Тянь Кэцзянь 1960 жылы дүниеге келген. 1984 жылы Шығыс-Қытай мұнай Институтының мұнай барлау және өндіру факультетін «Мұнай кенішінің инженер-әзірлеушісі» мамандығы бойынша бітірді.

            Мұнай-газ саласында 33 жылдық еңбек тәжірибесі бар, оның 30 жылын мұнай компанияларының өндірістік үдерісін басқару саласына арнаған.

            Еңбек жолын 1984 жылы «Қарамаймұнайгаз», СУАР, КНР компаниясының өндірістік басқармасының инженері қызметінен бастады.Осы компанияда 1997 жылға дейін бас инженердің орынбасары, онан кейін директордың өндіріс бойынша орынбасары қызметтерін атқарды.

            1997 жылдан 2004 жылға дейін Қазақстан Республикасының Ақтөбе облысындағы «CNPC-АқтөбеМұнайГаз» АҚ –да бас инженердің орынбасары, бас инженер болып жұмыс атқарды.

            2004 жылдан 2008 жылға дейін Қазақстан Республикасының Қызылорда облысындағы «ҚуатАмлонМұнай» БК» ЖШС-де бас директордың орынбасары қызметін атқарды.

            2008 – 2014 жылдар аралығында Қазақстан Республикасының Маңғыстау облысындағы «Бузачи Оперейтинг Лимитед» компаниясының бас менеджері, бас директоры қызметтерінде болған.

            2014-2016 жылдар аралығында «Қытай мұнай-газ барлау және өңдеу ұлттық корпорациясы» (CNODC), Пекин, ҚХР бас инженердің орынбасары қызметін атқарған.

            2016 жылдан 2018 жылға дейінгі аралықта Қазақстан Республикасының Маңғыстау облысындағы «МаңғыстауМұнайГаз» АҚ-да бас директордың өндіріс бойынша орынбасары қызметін атқарды.

            2018 жылдан маусым айынан бастап «Қазгермұнай БК» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарады.

Басқарма блогы

Лю Шаою
Бас директор
Ізмұханбет Ринат Нұрғожаұлы
Бас директордың бірінші орынбасары

Сауал қою