Ұжымдық келісімшарт

Қызметте жетістіктерге жету үшін қажет шарт – еңбек ұжымының мүшелеріне еңбектің лайықты жағдайлары мен әлеуметтік қолдау көрсетумен қамтамасыз ету.

2021 жылдың 16 желтоқсан айында «Қазгермұнай» БК» ЖШС мен қызметкерлері арасындағы 2022-2024 жылдарына арналған Ұжымдық шартқа қол қойылды. 

Ұжымдық келісім-шарт шарттары бойынша Компания:
 
  • Әр жылы жолдамалар құнын төлеп жұмысшы балаларының жазғы демалысын ұйымдастырады;
  • Жұмысшыларды жеңілдігі бар санаторийлік-сауықтыру жолдамаларымен қамтамасыз етеді. 
 
 
Жұмысшыларға бір реттік жәрдемақыларды келесі жағдайларда төлейді:
 • Баланың туылуы
 • Неке қию
 • Мерейтой күндері (50 және 60 жас)
 • Жасына байланысты зейнетке шығу
 • Әскери қызметке шақыру

«Қазгермұнай» БК» ЖШС жұмысшыларға материалдық көмегін келесі жағдайларда көрсетеді: 

• Жалғыз басты ана/әке болып табылатындарға
• Отбасында мүгедек балалары бар жұмысшыларға
• жасы 21 дейін 4 және одан да көп балалары бар жұмысшыларға
• Жұмыс берушінің кінәсынан қайтыс болған Жұмысшының балаларына, олар 16 жасқа келгенше
• Қайтыс болған Жұмысшының туысқандарына жерлеуді ұйымдастыру үшін
• Жұмысшыға жақын туысқаны қайтыс болған жағдайда

 

 

Басқарма блогы

Лю Шаою
Бас директор
Ізмұханбет Ринат Нұрғожаұлы
Бас директордың бірінші орынбасары

Сауал қою