In Kazgermunai celebrated the holiday “Korisu”

14 march 2024

Өзіңіз білетіндей, 14 наурызда Қазақстанда «Көрісу» мерекесі атап өтіледі. Дәл осы күні қыс бойы қақаған аяздан бас көтере алмаған, көктем келіп етек-жеңін жиған көрші ауылдардан келген туыстар мен жақын адамдардың кездесуі болады. Адамдар бір-бірін көктемнің басталғанымен, күннің жылығанын тілге тиек етіп, қыстан аман-есен шыққанын сұрайды және бір-бірімен міндетті түрде қол беріп амандасады. Қазіргі уақытта «Көрісу» мерекесін тойлау дәстүрі негізінен еліміздің батыс өңірлерінде сақталғанымен, «Қазгермұнай» БК» ЖШС осы мерекені атап өтуді ұйғарды, өйткені компанияда тек Қызылорда өңірінің азаматтары ғана емес, Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген қызметкерлер еңбек етеді.

         Компанияның бас басқармасының қызметкерлері - жаңадан құрылған «Сыр аруы» әйелдер клубының белсенділері әдемі ұлттық костюмдерін киіп, дәмді ұлттық тағамдарын алып Серіктестіктің өндірістік персоналын құттықтау үшін Ақшабұлақ, Нұралы және Ақсай кен орындарының өндірістік объектілеріне келді.

         «Осылайша, біз ата-бабаларымыздан бізге жеткен дәстүрлерге құрмет көрсетуді, кез келген шытымыр ауа-райында, қиын климаттық жағдайларда жұмыс істесе де, қиындыққа мойымайтын, тіпті осындай керемет күні де алыста отбасылары үйінде күтіп отырған әріптестеріміздің көңіл-күйін көтеруді шештік», - дейді тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алу бойынша келісімшарттар бөлімінің жетекші инженері, «Сыр аруы» клубының төрағасы Ботагөз Аманқұлова.

         ҚазГермұнайдың өндірістік персоналы әріптестерінің көрсеткен құрметіне тәнті болып, мол ризашылығын білдірді.

 

 

Вернуться назад

Комментарии

Оставить комментарий

Blog of the Board

Liu Shaoyou
General Director
Rinat Izmukhanbet
First Deputy General Director

Ask a question