Гүлзихан Жұбанбайқызы Алдабергенова - кеңсе бөлімінің жетекші маманы

Гүлзихан Жұбанбайқызы Алдабергенова - кеңсе бөлімінің жетекші маманы

2023 жылдың 30 қарашасында кеңсе бөлімінің жетекші маманы Алдабергенова Гүлзихан Жұбанбайқызы еңбек демалысына шыққалы отыр. Гүлзихан Жұбанбайқызы "Қазгермұнай "БК" ЖШС-де 21 жыл қызмет жасады, жалпы жұмыс өтілі 44 жылды құрайды.

Алдабергенова Гүлзихан Жұбанбайқызы 1986 жылы Қазақ мемлекеттік ауыл шаруашылығы институтын "Өсімдіктерді қорғау" мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын "Кызылордастрой" трестінің үй құрылысы комбинатында сылақшы-сырлаушы болып бастады. 1980-1981 жылдар аралығында совхозда жұмысшы, ал 1986-1998 жылдары ауыл шаруашылығы техникумында оқытушы болып қызметтер атқарды. "Қазгермұнай" БК" ЖШС компаниясына 2002 жылы бағбан қызметіне қабылданды. 2006 жылы мұрағатшының көмекшісі қызметіне ауыстырылды. 2014 жылдан бастап кеңсе бөлімінің жетекші маманы болып қызмет атқарды.

Компанияда қызмет атқарған уақытында: 2014 жылы "Қазгермұнай "БК" ЖШС Құрмет грамотасымен, 2020 жылы "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ Алғыс хатымен, 2023 жылы "Қазегрмұнай "БК" ЖШС Алғыс хатымен, ал компанияның 30 жылдығына орай "KAZENERGY" "Қазақстандық мұнай - газ және энергетика кешені ұйымдарының қауымдастығы" медалімен марапатталды.

Басқарма блогы

Лю Шаою
Бас директор
Ізмұханбет Ринат Нұрғожаұлы
Бас директордың бірінші орынбасары

Сауал қою