Уздік маман

 

«ҚазгермҰнай» БК» ЖШС жұмыс кәсіптерінің арасындағы «Үздік маман» атағына кәсіби шеберлік сайысы

 

Сайыс мақсаттары

 

  • еңбектің алдыңғы қатарлы әдістері мен тәсілдерін анықтау, тарату және енгізу;
  • жұмыскерлердің кәсіби, теориялық дайындық деңгейін жоғарылату;
  • жұмыскерлердің шығармашылық белсенділігін және еңбек өнімділігінің өсуіне әсер ету;
  • тиімділікті және өнімділік үдерісінің нәтижелілігін жоғарылату;
  • кәсіби шеберлік деңгейін, мәртебесін және мұнай және газ саласындағы жұмыс кәсіптерінің маңыздылығын жоғарылату;
  • Серіктестік көрсеткіштерінің жоғары деңгейіне жету.

 

Сайыс міндеттері

 

  • өндірістік қызметкерлерді алдыңғы қатарлы тәжірибені тарату және бекіту бойынша белсенді қызметке ынталандыру және тарту;
  • еңбек ұжымын өндірістік және еңбек көрсеткіштері бойынша ғана емес, сонымен қоса, техникалық қауіпсіздік, қоршаған ортаны және еңбекті қорғау бойынша үздік нәтижелерге жетуге ынталандыру;
  • кәсіби білім, қабілет пен дағдыларды, мамандық бойынша үздіктерін анықтауда жұмыскерлердің жоғары біліктілігін анықтау;
  • өндірістегі кадрлар дайындығын және біліктілігін арттыру жүйесі арқылы мамандық бойынша үздіктердің тәжірибесін зерттеу, тарату және енгізу.

 

«Үздік маман» атағына кәсіби шеберлік сайысы келесі номинациялар бойынша жүргізіледі:

1. «Мұнай өндіру бойынша үздік оператор»

2. «Ұңғымаларды зерттеу бойынша үздік оператор»

3. «Дайындық (тауар операторы) бойынша үздік оператор»

4. «Қаттық қысымды қолдау бойынша үздік оператор»

5. «Мұнай кәсібі құрылғысын жөндеу бойынша үздік темір ұстасы»

6. «Газ компрессорлық қондырғысының үздік машинисті»

7. «Үздік газ-электр балқытушы»

8. «Үздік токарь»

9. «БӨҚА үздік темір ұстасы»

10. «Үздік электрмонтер»

11. «Химиялық талдаудың үздік лаборанты»

 

Еңбек және/немесе өндірістік тәртіп, қауіпсіздік пен еңбекті қорғау талаптарын бұзғаны үшін бір жыл көлемінде тәртіп  және материалдық жауапкершілікке тартылмаған Серіктестіктің тілек білдіруші жұмыскерлерінің барлығы сайысқа қатыса алады. Бір жылдағы жұмыс нәтижелері ескерілетін Сайыстың бірінші кезеңіне қатысу үшін жұмыскерлерді іріктеу олардың тікелей жетекшісі арқылы жүзеге асады. Бірінші кезеңнің жеңімпаздары «ҚазМұнайГаз» ҰҚ» АҚ компаниялар тобының еңбек ұжымдары арасында алдағы уақытта аудандық сайысқа қатысады.

 

Үздік маман-2013 байқауының жеңімпаздары:

  Нұрбол Абназаров

Мұнай және газ шығару бойынша ең үздік оператор
    Қарлығаш Уәлиева

Ең үздік химиялық анализ лаборанты
  Айдос Сереков

Ұңғымаларды зерттеу бойынша ең үздік оператор
  Метиков Павел

Бақылау-өлшеу аспаптары және автоматика бойынша ең үздік слесарь
  Жандос Ибрагимов

Мұнай дайындау бойынша ең үздік оператор (тауарлық оператор)
 

Погорелов Вячеслав

Мұнай кәсіпорнының жабдығын жөндеу бойынша ең үздік слесарь

  Оңғар Қожамшүкүров  

Ең үздік токарь
  Ерман Күлбаев  

Ең үздік электр монтері
  Наиль Девликамов

Қабаттық қысымды бірқалыпты ұстап тұру бойынша ең үздік оператор
Темірхан Әубәкіров

Ең үздік газ-электрлі дәнекерлеуші

Үздік маман-2014 байқауының жеңімпаздары:

Үздік маман-2015 байқауының жеңімпаздары:

Үздік маман-2016 байқауының жеңімпаздары:

Үздік маман-2017 байқауының жеңімпаздары:

Үздік маман-2018 байқауының жеңімпаздары:

Үздік маман-2019 байқауының жеңімпаздары:

Үздік маман-2023 байқауының жеңімпаздары:

Басқарма блогы

Киякбаев Зияш Калдыбекович
Бас директор
Лю Шаою
Бас директордың бірінші орынбасары

Сауал қою