Қоршаған ортаны қорғау

«Қазгермұнай» БК» ЖШС өндірістік қызметі барысында қоршаған орта жағдайына зор мән береді. Серіктестіктің қоршаған ортаны қорғау бойынша қызметі техногендік ықпалдың табиғатқа әсерін азайтуға бағытталған. Осы мақсатқа бекітілген экологиялық талаптарды сақтау, зиянды заттар, оның ішінде атмосфераға шығарылатын жылыжай газы шығарындыларын азайту, су ресурстарын ластанудан сақтау және тиімді пайдалану, кеніш нысандарының радиациялық қауіпсіздігін сақтау, қалдықтарды тиімді басқару жүйесін енгізу және т.б. арқылы қол жеткізіледі.

Қоршаған ортаны қорғау саласындағы Серіктестіктің басты мақсаттары:

  • өндірістік нысандарда экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету;

  • жаңа прогрессивтік технологияларды, жабдықтарды, материалды енгізу және технологиялық процесстерді басқаруды автоматтандыру деңгейін көтеру арқылы қоршаған ортаға шығарылатын жағымсыз әсерлерді қысқарту;

  • табиғи ресурстарды тиімді пайдалану, мұнай және газ шығының азайту.

Өндірістік экологиялық бақылау Бағдарламасына сәйкес мониторинг келесі бағыттар бойынша жүргізіледі:

  • ауа ластануын бақылау;

  • жер асты суларын бақылау;

  • ағын суларды бақылау;

  • жер қыртысын бақылау;

  • өсімдіктерді бақылау;

  • қалдықтарды басқаруды бақылау;

  • радиациялық бақылау

Бақылау келісім-шарт негізінде аккредиттелген лаборатория арқылы жүзеге асырылады. Өндірістік экологиялық бақылау жөніндегі есептер тоқсан сайын қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға тапсырылады.

 

Шикі газды өндіру және кәдеге жарату

Атауы

Өлш. бірл.

2023 жыл

2024 жыл

2025 жыл

1

Шикі газды өндіру

млн.м3

258,319

274,023

274,226

1.1.

шикі газдың өз қажеттілігіне

млн.м3

1,000

0,654

0,951

1.2.

алауды жағу

млн.м3

1,811

1,751

1,641

1.3.

ГДҚ-ға беру

млн.м3

255,508

271,618

271,634

2

Тауарлық газ өндіру

млн.м3

410,367

366,971

300,537

2.1.

жеке қажеттіліктеріне

млн.м3

6,180

7,398

6,011

2.2.

«QazaqGaz» ҰК»  АҚ ұлттық операторына беру

млн.м3

199,836

233,493

234,542

3

СКГ өндіру

мың тн

68,462

67,847

58,517

Басқарма блогы

Киякбаев Зияш Калдыбекович
Бас директор
Мин Хайхуэй
Бас директордың бірінші орынбасары

Сауал қою