Саясаты мен мақсаттары

 

2018ж. 30 шілдеде «Қазгермұнай» БК» ЖШС

Басшылығымен бекітілген

 

 

 

«Қазгермұнай» БК» ЖШС

еңбек және қоршаған ортаны қорғау саласындағы

саясаты мен мақсаттары

 

1. Жалпы қағидалар

  1. 1) Бүгінгі күні «Қазгермұнай» БК» ЖШС Қызылорда өңірінің және жалпы Қазақстан Республикасының ірі мұнай өндіруші компанияларының бірі болып табылады. Бұдан басқа, Серіктестік Қатысушылардың активтері арасында тиімділік пен нәтижелілік көрсеткіштері бойынша көшбасшы болып табылады.
  2. 2) Серіктестік өндірістік процестің экологиялық және өнеркәсіптік қауіпсіздігіне айрықша көңіл бөледі. Тұрақты негізде қоршаған ортаға шығарындыларды азайту, өнеркәсіптік қауіпсіздікті арттыру саласындағы жаңа техникалар мен технологияларды енгізу және мониторинг жүргізу бойынша шаралар жүзеге асырылады.
  3. 3) Серіктестіктің экологиялық қауіпсіздік саласындағы жұмысы тиімділігінің негізгі көрсеткіші - ластаушы заттардың қоршаған ортаға эмиссиясы көлемінің өндірілген өнім көлеміне қатынасы. Соңғы жылдары бұл көрсеткіш 80 пайызға дейін азайды (1,8 кг/т-дан 0,3 кг/т-ға дейін).
  4. 4) Экологиялық және өнеркәсіптік қауіпсіздіктің жоғары деңгейі үшін Серіктестік бірнеше рет мемлекеттік жоғары дәрежелі ерекшелік белгілерімен марапатталды. «Қазгермұнай» БК» ЖШС болашақта да өндірістік процестің экологиялық және өнеркәсіптік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге ниеттеніп жүр.
  5. 5) «Қазгермұнай» БК» ЖШС-нің жоғары басшылығы менеджменттің біріктірілген жүйесін, атап айтқанда халықаралық стандарттар талаптары негізінде еңбек және қоршаған ортаны қорғау саласындағы менеджмент жүйесін құру, Серіктестіктің қарқынды дамуының маңызды факторы, қызметкерлердің қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету және компанияның өндірістік процесінің локация өңірінің қоршаған ортасына теріс әсерін барынша азайту болып табылады.
  6. 6) БМЖ жұмыс істеуі, оның ішінде еңбек қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау саласындағы басқарудың әлемдік үрдістерге сәйкес жұмыс істеуі тиісті бизнес-процестерді нақты ұйымдастыру, осы процестерді бағалау критерийлері арқылы өндірістік және экологиялық қауіпсіздік деңгейін бақылау, заңнаманы және стандарттарды қатаң сақтау, тиісті процестерді тиімді басқару үшін барлық деңгейдегі қызметкерлердің жауапкершілігін және беделін бөлу арқылы жетеді.   
  7. 7) «Қазгермұнай» БК» ЖШС-нің еңбек және қоршаған ортаны қорғау саласындағы саясаты Серіктестіктің жалпы дамыту стратегиясының бөлігі болып табылады. Серіктестік қызметкерлері өздерінің тұрақты қызметінде және шешім қабылдау кезінде осы құжаттың ережелерін басшылыққа алуы тиіс.
  8. 8) «Қазгермұнай» БК» ЖШС-нің еңбек және қоршаған ортаны қорғау саласындағы саясаты жұртшылық, Серіктестік өнімдерін тұтынушылар және серіктестер үшін қол жетімді болып табылады. «Қазгермұнай» БК» ЖШС-нің еңбек және қоршаған ортаны қорғау саласындағы саясаты мен мақсаттары Серіктестіктің стратегиясына сәйкес үздіксіз жетілдіру мен өзектендіруге жатады.

 

2. Миссия  

  1. 1) «Қазгермұнай» БК» ЖШС миссиясы – өндіріс тиімділігін қамтамасыз ету, табиғи ресурстарды ұқыпты пайдалану және әлеуметтік капиталды дамыту арқылы қоғамның энергия ресурстарына деген қажеттілігін қанағаттандыру және аймақтық дамудың басым міндеттерін атқару.
  2. 2) Тиімді және тұрақты жұмыс істеп тұрған мұнай өндіруші компания ретінде, біз табиғи ресурстар энергиясын адам мен қоғам игілігі үшін, өңірдегі ұзақ мерзімді экономикалық өсуге, оның әлеуметтік тұрақтылығына, өркендеуіне пайдалану үшін құрылдық.

 

3.Көзқарас

  1.  1) Қаржылық жағынан табысты Компания ұстанымдарын сақтау мен дамыту және «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ мен «ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз» АҚ активтері арасында, сондай-ақ ТМД-дағы өз қатарындағы компаниялар арасында технологиялық, басқарушылық және әлеуметтік стандарттарды енгізу және дамыту негізінде нәтижелілік пен тиімділік көрсеткіштері бойынша  көшбасшы ретінде танылу.

 

4. Еңбек және қоршаған ортаны қорғау саласындағы негізгі стратегиялық мақсат

  1. 1) Миссия мен Көзқарасты  ескере отырып, «Қазгермұнай» БК» ЖШС-нің еңбек және қоршаған ортаны қорғау саласындағы негізгі стратегиялық мақсаты қауіпсіздікті қамтамасыз ету, қызметкерлердің өмірін, денсаулығы мен еңбек қабілетін сақтау, салауатты және қауіпсіз еңбек жағдайларын жасау, қызметкерлерді қауіпсіз жұмыс әдістерімен оқыту, өндірістік жарақаттану себептерін анықтау және жою, өндірістік жарақаттанудың алдын алу, қоршаған ортаны ластаудың алдын алу, оның әсер ету аймағындағы қоршаған ортаның жай-күйін жақсарту бойынша өндірістік мәдениетті арттыру, ұйымдастырушылық-техникалық және санитарлық-гигиеналық шараларды әзірлеу және енгізу болып табылады.

 

5. Қорытынды қағидалар

  1. 1) «Қазгермұнай» БК» ЖШС басшылығы бұл Саясат  «Қазгермұнай» БК ЖШС-нің еңбек және қоршаған ортаны қорғау саласындағы құндылықтары мен қағидаттарын білдіретінін мәлімдейді.
  2. 2) «Қазгермұнай» БК» ЖШС басшылығы мен жұмысшылары өз қызметінде және басқарушылық шешім қабылдауда осы құжат ережелерін қолдануға  міндеттенеді.
  3. 3) «Қазгермұнай» БК» ЖШС басшылығы сапа саласында Саясатты жүзеге асыруға жауапты және еңбек және қоршаған ортаны қорғау саласындағы менеджмент жүйесінің жұмыс істеуі үшін қажетті жағдайларды жасауға, осы мақсаттар үшін тиісті қаржылық, техникалық, адамдық және басқа ресурстар бөлуге, оларды тиімді пайдалануды қамтамасыз етуге міндеттенеді.

Басқарма блогы

Киякбаев Зияш Калдыбекович
Бас директор
Мин Хайхуэй
Бас директордың бірінші орынбасары

Сауал қою