Кәсіподақ қызметі
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай Қызылорда облысы бойынша мұнай газ компаниялары кәсіподақтарының волейболдан турнирі
«Қазгермұнай «БК» ЖШС қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағы» қоғамдық бірлестігі «ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз» АҚ, «Қуатамлонмұнай» ЖШС және «ТузкольМунайГаз Оперейтинг» ЖШС қызметкерлерінің кәсіподақтарымен бірлесіп 2024 жылғы 6 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай волейболдан турнир өткізді.
Турнир қорытындысы бойынша төмендегі орындар белгіленді:
1 орын – «Қазгермұнай» БК» ЖШС
2 орын – «ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз» АҚ
3 орын – «Қуатамлонмұнай» ЖШС
«Қазгермұнай «БК» ЖШС Бас директоры Зияш Қияқбаев «ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз» АҚ қызметкерлері кәсіподағының командасын марапаттай отырып, барлық қатысушыларды келе жатқан мерекемен құттықтап, бейбіт аспан, зор денсаулық пен амандық тіледі. Сонымен қатар, қызметкерлердің спорттағы жетістіктері, еңбектегідей кәсіби шеберлігінің көрсеткіштері екендігін және өңірдің мұнай-газ компаниялары қызметкерлерінің спорт алаңдарындағы кездесулері салауатты өмір салты мен ұжымдардағы әлеуметтік тұрақтылықтың кепілі болып табылатынын атап өтті.
«Қазгермұнай «БК» ЖШС еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы және қоршаған ортаны қорғау департаментінің директоры Әділбек Беклиев дипломды «Қуатамлонмұнай» ЖШС командасына тапсыра отырып, кәсіподақ ұйымдарының қызметіне алғысын білдіріп, қатысушылардың команда құрамы келесі турнирлерге дейін артуын тіледі.
Турнир қорытындысы бойынша үздік төрт ойыншы анықталды, олардың қатарына МГӨД операторы Бекжігіт Әділов грамота алды.
Жарыс жүлдегерлері мен қатысушыларына құрмет грамоталары мен ақшалай сыйлықтар табыс етілді.
Осылайша, Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай Қызылорда облысы бойынша мұнай-газ компаниялары кәсіподақтарының футзал және волейболдан ауыспалы кубоктары «Қазгермұнай «БК» ЖШС ұжымына лайықты түрде өтті.
Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, ҚГМ кәсіподақ комитеті әріптестерін Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні мерекесімен құттықтайды.
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күніне орай Қызылорда облысы бойынша мұнай-газ компаниялары кәсіподақтарының футзалдан турнирі
«Қазгермұнай» БК» ЖШС қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағы» қоғамдық бірлестігі «ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз» АҚ, «Торғай Петролеум» АҚ, «Ай Дан Мұнай СНПС» АҚ, «Қуатамлонмұнай» ЖШС, «ТұзкөлМұнайГаз Оперейтинг» ЖШС қызметкерлерінің кәсіподақтарымен бірлесіп, Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы, ҚАЗМҰНАЙГАЗПРОФ Қазақстандық салалық мұнай-газ кешені кәсіподағы және Қызылорда облысының аумақтық кәсіподақтар бірлестігі өкілдерінің қатысуымен Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай ағымдағы жылдың 16-қарашасында Қызылорда қаласында футзалдан турнир өткізілді.
Турнирдің ашылу салтанатында ҚР Кәсіподақтар федерациясы төрағасының орынбасары Қалиев Сұлтан Есімұлы, Қызылорда облысы Кәсіподақ орталығының басшысы Нәлібаев Мақсұт Ибрайханұлы, «ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз» АҚ Вице-президенті Қожаниязов Серік Салаватұлы, «Қазгермұнай «БК» ЖШС Бас директорының орынбасары Елеусінов Махамбет Қайырбекұлы және басқа да компаниялардың басшылары құттықтау сөз сөйледі.
М.Елеусінов өз сөзінде әріптестерін алдағы Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күнімен құттықтап, турнирді ұйымдастырғаны үшін кәсіподақтарға алғысын білдіріп, спортты дамыту, жарқын әрі танымал іс-шараларды өткізу ұжымдардағы әлеуметтік ахуалды жақсартудың тиімді тетіктері болып табылатындығын атап өтті және турнирдің барлық қатысушыларына сәттілік тіледі.
Турнирдің нәтижесі келесі кестеге сәйкес қалыптасты:
1 орын – «Қазгермұнай» БК» ЖШС
2 орын - «ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз» АҚ
3 орын - «ТұзкөлМұнайГаз Оперейтинг» ЖШС
Осылайша, Қызылорда облысы бойынша мұнай-газ компания қызметкерлері кәсіподақтарының өтпелі кубогы «Қазгермұнай» БК» ЖШС кәсіподағына өтті.
Сондай-ақ, Үздік қақпашы, Үздік сүратушы, Үздік шабуылшы, Үздік қорғаушы, Үздік жартылай қорғаушы және Үздік ойыншы атты 6 номинация бойынша марапаттар берілді.
Ақсай кен орнының МГӨД компрессорлық қондырғыларының машинисті М.Максимов «Үздік сұрмерген» номинациясында марапатталды.
Жеңімпаздар мен қатысушыларға құрмет грамоталары мен ақшалай сыйлықтар табыс етілді.
«Қазгермұнай» БК» ЖШС қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағы» ҚБ 2024 жылының 9 айы бойынша есебі
«Қазгермұнай» БК» ЖШС қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағы» қоғамдық бірлестігі үстіміздегі жылдың тоғыз айының қорытындысы бойынша бастауыш кәсіподақ ұйымының мүшелеріне есеп беру кездесулерін өткізді.
Ағымдағы жылдың 11-20 қазан аралығында «Ақшабұлақ», «Нұралы» және «Ақсай» кен орындарында барлық ауысым қызметкерлері үшін жиналыс өткізілді. 23 қазанда компанияның бас кеңсесінде әкімшілік-басқару қызметкерлеріне арналған кездесу өтті.
Есепті кезеңге арналған презентацияда төмендегі мәліметтер көрсетілді:
- кәсіподақ жарналарының түсімдері мен шығындарының есебі;
- сауықтыру шипажайларында болған қызметкерлердің саны мен ем қабылдаған шипажайлардың атаулары бойынша мәліметтер;
- жазғы мектеп демалысы кезінде емдеу-сауықтыру орындарында (жазғы балалар лагерлерінде) демалған қызметкерлер балаларының саны бойынша есеп;
- Кәсіподақтың ұйымдастыруымен өткен Халықаралық әйелдер күні, Наурыз мейрамы және т.б. мәдени-бұқаралық, қайырымдылық және спорттық іс-шаралар бойынша ақпарат;
- ағымдағы жылдың соңына дейін бекітілуі жоспарланып отырған, жұмыс берушімен және Серіктестіктің акционерлерімен келісілген 2025-2027 жылдарға арналған Ұжымдық шарттың талаптары.
Кездесулер сұрақ-жауап форматында өткізіліп, қызметкерлердің сұрақтарынына кәсіподақ комитеті активінің өкілдері толық жауаптар мен түсініктемелер берді.
Сондай-ақ, кездесу барысында "Қазгермұнай "БК" ЖШС қызметкерлерінің кәсіподақ комитетінің барлық
мүшелері жалақыға қосымша материалдық көтермелеусіз қоғамдық негізде жұмысқа тартылғаны атап өтілді.
Кездесу қорытындысы бойынша қызметкерлер кәсіподақтың алдағы қызметіне тілектерін айтып, кәсіподақ комитетінің активіне алғыстарын білдірді.
Кәсіподақ комитетінің қызметі: қысқы мерзімде қызметкерлерді тасымалдау сұрақтары бойыншы
Ағымдағы жылдың 2 қарашасында кәсіподақ комитетінің мүшелері, Ақшабұлақ, Нұралы және Ақсай кен орындарының басшылары мен қызметкерлері, «Қазгермұнай» БК ЖШС» өндірістік-техникалық департаментінің (ӨТД) өкілінің қатысуымен мердігерлік компаниялардың серіктестік қызметкерлерін қысқы мерзімде тасымалдайтын автокөліктері туралы сұрақ бойынша кездесу өткізді.
Кездесудің нәтижесі бойынша, ӨТД мердігерлік компаниялардың автокөліктерінің жағдайын анықтау мақсатында кәсіподақ комитетінің өкілінің қатысуымен аудит өткізіп, егерде, ақаулық немесе көрсетілетін қызметтердің талаптарының сақталмауы анықталған жағдайда оларды жоюды талап етуді ұсынды.
«Республика күніне орай Қазгермұнай" БК "ЖШС мини-футболдан жарыс өткізді»
Ұлттық мерекеміз – Республика күніне орай, Кәсіподақ комитетінің ұйымдастыруымен 18 қазанда Нұралы кен орнында мини-футболдан жарыс өтті.
Жарысқа мекеме, Ақшабұлақ және Нұралы/Ақсай кен орындарының әр вахталарынан құрылған 4 командалар қатысты.
Турнирге қатысқан 50-ден астам әріптестерге мұнай және газ өндіру департаментінің директоры - Кәсіпшілік бастығы Аблакимов Асхат Кайшыбайұлы, келе жатқан Республика күнімен құттықтап, ойыншыларға сәттілік тіледі.
Турнирдің нәтижесі бойынша кесте келесідей қалыптасты:
1 орын – Нұралы/Ақсай кен орнының құрама командасы
2-орын - Ақшабұлақ кен орнының 3 және 4 ауысым құрама командасы
3-орын - Ақшабұлақ кен орнының 1 және 2 ауысым құрама командасы
4 орын - кеңсе құрама командасы.
Жеңімпаздар мен қатысушыларға құрмет грамоталары мен ақшалай сыйлықтар табыс етілді.
"Қазгермұнай" БК "ЖШС Қазақстан Республикасының кәсіподақтар күнін атап өтті
Қазақстан Республикасының Кәсіподақтар күніне орай "Қазгермұнай" БК" ЖШС қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағы волейболдан турнир өткізді. 12 қазанда Нұралы кен орнында қызу спорттық жекпе-жек өтті. Нәтижесінде турнирлік кесте келесідей қалыптасты:
1 орын – Ақшабұлақ кен орнының 1 және 2 ауысымының құрама командасы
2 орын – Нұралы кен орнының 3 және 4 ауысымының құрама командасы
3 орын – Нұралы кен орнының 1 және 2 ауысымының құрама командасы
4 орын – кеңсе командасы.
Жеңімпаздар мен қатысушыларға құрмет грамоталары мен ақшалай сыйлықтар табыс етілді.