Ұжымдық келісімшарт
Қызметте жетістіктерге жету үшін қажет шарт – еңбек ұжымының мүшелеріне еңбектің лайықты жағдайлары мен әлеуметтік қолдау көрсетумен қамтамасыз ету.
2021 жылдың 16 желтоқсан айында «Қазгермұнай» БК» ЖШС мен қызметкерлері арасындағы 2022-2024 жылдарына арналған Ұжымдық шартқа қол қойылды.
Ұжымдық келісім-шарт шарттары бойынша Компания:
- Әр жылы жолдамалар құнын төлеп жұмысшы балаларының жазғы демалысын ұйымдастырады;
- Жұмысшыларды жеңілдігі бар санаторийлік-сауықтыру жолдамаларымен қамтамасыз етеді.
Жұмысшыларға бір реттік жәрдемақыларды келесі жағдайларда төлейді:
• Баланың туылуы
• Неке қию
• Мерейтой күндері (50 және 60 жас)
• Жасына байланысты зейнетке шығу
• Әскери қызметке шақыру
«Қазгермұнай» БК» ЖШС жұмысшыларға материалдық көмегін келесі жағдайларда көрсетеді:
• Жалғыз басты ана/әке болып табылатындарға
• Отбасында мүгедек балалары бар жұмысшыларға
• жасы 21 дейін 4 және одан да көп балалары бар жұмысшыларға
• Жұмыс берушінің кінәсынан қайтыс болған Жұмысшының балаларына, олар 16 жасқа келгенше
• Қайтыс болған Жұмысшының туысқандарына жерлеуді ұйымдастыру үшін
• Жұмысшыға жақын туысқаны қайтыс болған жағдайда