Қоршаған ортаны қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік
Белгіленген мақсаттарға жету мақсатында Серіктестік келесі шараларды жүзеге асырады:
- «2016 жылға арналған қызметкерлерді сауықтыру жөніндегі іс-шаралар Жоспары» дайындалды;
- қызметкерлер жыл сайын кезеңдік медциналық профилактикалық тесеруден өтіп тұрады;
- медициналық тексерудің қорытынды актісінің негізінде қызметкерлерге санаторлық-курорттық емдеу шаралары ұйымдастырылады, сонымен бірге қызметкерлер стационарлық және амбулаториялық емдеуге жіберіледі, бұдан әрі қызметкер тұрғылықты мекен-жайы бойынша диспансерленеді;
- қызметкерлер арасында мезгілдік обаға және тұмауға қарсы екпе жұмыстары жүргізіледі;
- қызметкерлер арасында «Пайдалы тағамдармен тамақтану» бағдарламасы енгізілді;
- қызметкерлер арасында үнемі салуатты өмір салтын насихаттау жұмыстары жүргізіледі;
- жұмыс орындарының еңбек қорғау нормаларына сәйкестігі уақытылы аттестациядан өткізіліп тұрады;
- өндірістік нысандарының өнеркәсіптік қауіпсіздік декларациялары бар;
- алынатын ЖҚҚ техникалық ерекшеліктерін жақсарту бойынша ұдайы жұмыс жүргізіліп отырады;
- Өндірістік тәуекелдер анализден өткізіліп, бағаланады;
- Еңбек қорғау қауіпсіздігі және оны жақсарту жолдарын басқару жүйесінің тиімділігі үнемі бақыланып, бағаланып отырады.
ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІ
Серіктестіктің әрбір кенішінде КАМАЗ автокөліктерімен жарақтандырылған, тиісті өрт-техникалық құралдармен жабдықталған өрт депосы бар. Өртке қарсы қызметтің жеке құрамындағы әрбір қызметкердің арнаулы білімі, жұмыс өтілі бар, олар жауынгерлік киіммен және басын қорғау құралдарымен қамтамасыз етілген. Серіктестік қызметкерлеріне тұрақты түрде өрт-тактикалық оқу ұйымдастырылып тұрады.
Серіктестіктің барлық өндірістік нысандары мен тұрғын жайлары автоматтандырылған дабыл қондырғысымен, хабарлау және автоматтандырылған өрт сөндіру жүйесімен жабдықталған. Серіктестіктің кеніштердегі нысандарын өрттен тәулік бойы кезекшілікпен жұмыс жасайтын мемлекеттік емес өртке қарсы қызметі қорғайды.