Киякбаев Зияш Калдыбекович

 

1967 жылы Қызылордада дүниеге келген.

1986 жылы Алма-Ата индустриалды техникумын «Металл кесу станоктары мен автоматты желілерді монтаждау және пайдалану» мамандығы бойынша бітіріп, 1994 жылы Киров С.М. атындағы Қазақ мемлекеттік университетін «Шығыстанушы» мамандығы бойынша тәмәмдады. 1999 жылы Алматы менеджмент мектебінің «Корпоративтік менеджмент» іскерлік әкімшілендіру магистратурасының (MBA) бағдарламасын аяқтап, «Экономика және менеджмент» біліктілігін бере отырып.

1998-2006 жылдар аралығында «ҚазТрансОйл» АҚ жобаларды басқару департаментінің директоры болып жұмыс істеді. 2006-2008 жылдары «Меркурий Инжиниринг» ЖШС-нде бас директорының бірінші орынбасары және бас директоры қызметтерін атқарды. 2008-2009 жылдары «Қазақ мұнай және газ институты» АҚ-нда жобалау жөніндегі атқарушы директоры болды.

2009-2016 жылдары «ҚазТрансГаз» АҚ-да әртүрлі лауазымдарда қызмет атқарды: бас директордың кеңесшісі, газ тарату жүйелерін басқару департаментінің директоры, ДКС және ГТС ТР директоры.

2016 жылдан бастап 2020 жылға дейін ҚР Энергетика министрлігінің газ өнеркәсібін дамыту департаментінің директоры қызметін атқарды, онда газ өндіру және қайта өңдеу және газбен жабдықтау, газды тасымалдау және тарату, ҚР бойынша газ экспорты мен транзиті саласындағы мемлекеттік саясат мәселелеріне жетекшілік етті.

2022-2024 жылдары Алматы облысы әкімдігінің газбен жабдықтау саласындағы уәкілетті мекемесі – «Жетісу-ОблГаз» компаниясының бас директоры, «ҚОР» мұнай компаниясында бас директордың кеңесшісі қызметін атқарды.

Марапатары:

  • «Құрмет» ордені
  • ҚР Энергетика министрлігінің грамотасы
  • ОЭК дамытудағы еңбегі үшін «KAZENERGY» медалі
  • «Мұнай-газ саласының еңбек сіңірген қызметкері» белгісі
  • «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10 жыл» медалі
  • ҚР Тәуелсіздік күніне орай құрмет грамотасы
  • Мұнай-газ кешені қызметкерлерінің күніне орай грамота
  • Қазақстан-Қытай магистральдық газ құбырын (I учаске) пайдалануға беруге орай грамота
  • Құмкөл к/о өнеркәсіптік игерудің 25-жылдығына мерейтойлық медаль
  • ҚР магистральдық газ құбырларының 50-жылдығына мерейтойлық медаль

Басқарма блогы

Киякбаев Зияш Калдыбекович
Бас директор
Лю Шаою
Бас директордың бірінші орынбасары

Сауал қою