Байкенжеева Айсұлу Балтабаева – мұрағатшы
2024 жылдың «19» шілдесінде мұрағатшы Байкенжиева Айсұлу Балтабайқызын зейнеткерлікке демалысына шығарып салды. Айсұлу Балтабайқызы «Қазгермұнай» БК» ЖШС-де 23 жыл жұмыс істеді. Жалпы жұмыс өтілі 42 жылды құрады.
Байкенжиева А.Б. Қызылорда педагогикалық институтын «Құқық және құқықтық тәрбие әдістемесі» мамандығы бойынша бітіріп, заңгер-оқытушы біліктілігін алды. 2000 жылға дейін М. Мәметова атындағы Қызылорда гуманитарлық колледжінде педагог болып жұмыс істеді.
«Қазгермұнай» БК» ЖШС-не 2001 жылы мұрағатшы лауазымына қабылданды.
Компанияда жұмыс істеген уақытында: 2015 жылы «ҚазМұнайГаз» БӨ» АҚ құрмет грамоталары, 2018 жылы компанияның 25-жылдығына орай «Қазмұнайгаз» БӨ» АҚ құрмет грамотасы, Қызылорда облысы әкімінің құрмет грамотасы, 2024 жылы «Қазгермұнай» БК» ЖШС 30-жылдығына орай «Қазгермұнай» БК» ЖШС мен «KAZENERGY» Ассоциациясының алғыс хаттарымен марапатталды.