Лю Шаою

Лю Шаою 1965 жылы 1 қазанда Қытай Халық Республикасында дүниеге келген.

1987 жылы Хуадон мұнай институтының «Мұнай-газ кен орындарын барлау» факультетін Мұнай және газ геологиясы мамандығы бойынша бітіріп, Геология-минералогия ғылымдарының бакалавры ғылыми дәрежесін алды. 1998 жылы И.М. Губкин атындағы Мемлекеттік Мұнай және газ академиясының аспирантурасын Техника ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесімен аяқтады.

Еңбек жолын 1987 жылы Пекин қаласындағы ҚҰМК барлау департаментінің инженер көмекшісі қызметінен бастады. 1998 жылдың сәуір айынан бастап CNODC Шетелдік жобаларды басқару департаментінің инженері болып жұмыс істеді. 1998 жылдың тамыз айынан 2005 жылдың желтоқсан айына дейін Ақтөбе қаласындағы «СНПС – Ақтөбемұнайгаз» АҚ-да еңбек жолын жалғастырды,  әр түрлі лауазымдарда жұмыс істеді: бас директор орынбасарының игеру жөніндегі көмекшісі, Октябрьскмұнай МГӨБ бас геологының орынбасары, стратегиялық даму орталығының директоры, бас директордың орынбасары. 2006 жылғы қаңтардан 2014 жылғы қазанға дейін Пекин қаласындағы CNODC Орталық Азия және Ресей бойынша жаңа жобаларды дамыту департаментінің директоры қызметін атқарды.

2014 жылдың қарашасынан 2018 жылдың қыркүйегіне дейін Қызылорда қаласындағы «СНПС – Ай Дан Мұнай» АҚ президенті қызметін атқарды. 2018 жылдың қазан айынан бастап Ақтау қаласындағы «Buzachi Operating Ltd.» компаниясының Бас директоры болды.

2020 жылдың 15 қыркүйегінен бастап «Қазгермұнай» БК » ЖШС Бас директордың бірінші орынбасары, Басқарма мүшесі.

2021 жылдың 06 маусымнан бастап «Қазгермұнай» БК »ЖШС Бас директор, Басқарма төрағасы.

2001 жылы Каспий маңы ойпаты шығыс бортының орталық аумағының барлау блогын сатып алуға қатысты, сондай-ақ Қазақстандағы ММГ, КМК, Қашаған, Ресейдегі ЯмалСПГ, Түрікмениядағы Амудария оң жағалауының жобасы және Өзбекстан мен Тәжікстандағы барлау блоктары сияқты бірқатар жобаларды бағалау мен сатып алуға қатысты.

Басқарма блогы

Лю Шаою
Бас директор
Ізмұханбет Ринат Нұрғожаұлы
Бас директордың бірінші орынбасары

Сауал қою