s
Логотип

Қоршаған ортаны қорғау

«Қазгермұнай» БК» ЖШС өндірістік қызметі барысында қоршаған орта жағдайына зор мән береді. Серіктестіктің қоршаған ортаны қорғау бойынша қызметі техногендік ықпалдың табиғатқа әсерін азайтуға   бағытталған. Осы мақсатқа бекітілген экологиялық талаптарды сақтау, зиянды заттар, оның ішінде атмосфераға шығарылатын жылыжай газы шығарындыларын азайту, су ресурстарын ластанудан сақтау және тиімді пайдалану, кеніш нысандарының радиациялық қауіпсіздігін сақтау, қалдықтарды тиімді басқару жүйесін енгізу және т.б. арқылы қол жеткізіледі.

 Қоршаған ортаны қорғау саласындағы Серіктестіктің басты мақсаттары:
  • өндірістік нысандарда экологиялық  қауіпсіздікті қамтамасыз ету;
  • жаңа прогрессивтік технологияларды, жабдықтарды, материалды енгізу және технологиялық процесстерді басқаруды автоматтандыру деңгейін көтеру арқылы қоршаған ортаға шығарылатын жағымсыз әсерлерді қысқарту;
  • табиғи ресурстарды тиімді пайдалану, мұнай және газ шығының азайту. 
 
Өндірістік экологиялық бақылау Бағдарламасына сәйкес мониторинг келесі бағыттар бойынша жүргізіледі:
  • ауа ластануын бақылау;
  • жер асты суларын бақылау;
  • ағын суларды бақылау;
  • жер қыртысын бақылау;
  • өсімдіктерді бақылау;
  • қалдықтарды басқаруды бақылау;
  • радиациялық бақылау

 Бақылау келісім-шарт негізінде аккредиттелген лаборатория арқылы жүзеге асырылады. Өндірістік экологиялық бақылау жөніндегі есептер тоқсан сайын қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға тапсырылады. 

 

 

 

Шикі газды өндіру және кәдеге жарату

Атауы

Өлш. бірл.

2018 жыл

2019 жыл

2020 жыл

1

Шикі газды өндіру

млн.м3

524,743

447,047

375,240

1.1.

шикі газдың өз қажеттілігіне

млн.м3

2,764

2,134

1,780

1.2.

шикі газды жағу

млн.м3

0,887

14,460

7,024

1.3.

шикі газды ГДҚ-ға тапсыру

млн.м3

521,093

430,453

366,435

2

Тауарлық газды өндіру

млн.м3

410,367

366,971

300,537

2.1.

тауарлық газдың өз қажеттілігіне

млн.м3

13,870

13,799

8,890

2.2.

тауарлық газды ҚТГ АҚ ұлттық операторына тапсыру

млн.м3

388,371

353,172

291,647

3

СКГ өндіру

мың тн

143,535

119,712

88,880

Басқарма блогы

Лю Шаою
Бас директор
Мұстафаев Мұрат Кеңесбайұлы
Бас директордың бірінші орынбасары, Басқарма мүшесі

Сауал қою