«Қазгермұнай» Қазақстан Республикасы Күнін атап өтті

24 қазан 2025

«Қазгермұнай» БК» ЖШС-да Қазақстан Республикасы Күніне арналған салтанатты жиын өтті. Мерекелік іс-шара Ақшабұлақ кен орнында өтіп, компания қызметкерлері мен арнайы шақырылған қонақтарды біріктірді.

Жиын басында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік әнұраны орындалып, Ту көтерілді. Ұжымды құттықтау сөзімен компанияның Бас директоры Зияш Қияқбаев сөз сөйледі.

Ол бұл мерекенің тарихи маңыздылығын атап өтіп, 1990 жылы Мемлекеттік егемендік туралы Декларацияның қабылдануы тәуелсіз Қазақстанның қалыптасу жолындағы бастау нүктесі болғанын жеткізді.

«Егемендік еліміздің барлық жетістіктерінің негізіне айналды. Тәуелсіздіктің арқасында «Қазгермұнай» сияқты кәсіпорындар да пайда болды, — деді Зияш Қалдыбекұлы. — Бүгінде біз аймақты дамыта отырып және тұрақты жұмыс орындарын құра отырып, Қазақстанның экономикалық және энергетикалық әлеуетін нығайтуға өз үлесімізді қосудамыз».

Іс-шара барысында салалық және корпоративтік марапаттарға ие болған үздік қызметкерлерді марапаттау рәсімі өтті. Олардың еңбегі мен кәсібилігі іске адалдықтың және туған жерге деген сүйіспеншіліктің үлгісі болды.

Сондай-ақ қызметкерлерге құттықтаулар мен алғыс сөздерін Бас директордың бірінші орынбасарының міндетін атқарушы Цао Кэчуань білдіріп, достық, ынтымақтастық және ортақ табыс үшін бірлескен жұмысқа ризашылығын білдірді.

Мерекелік көңіл-күйді музыкалық нөмірлер толықтырды. Салтанатты жиын ортақ фотосуретпен және Қазақстанға бейбітшілік, амандық және өркендеу тілектерімен аяқталды.

Вернуться назад

Комментарии

Оставить комментарий

Басқарма блогы

Киякбаев Зияш Калдыбекович
Бас директор
Мин Хайхуэй
Бас директордың бірінші орынбасары

Сауал қою