«Қазгермұнай» БК» ЖШС-де Қазақстан Республикасының Конституциясы мен «Заң және Тәртіп» қағидаттарына арналған кездесу өтті

29 мамыр 2026

2026 жылғы 29 мамырда «Қазгермұнай» БК» ЖШС қызметкерлерінің ақпараттық құзыреттілігін қалыптастыру жөніндегі 2026 жылға арналған іс-шаралар жоспары аясында Қызылорда облысының құқық саласы өкілдерінің қатысуымен ақпараттық-түсіндіру кездесуі ұйымдастырылды. Іс-шара Компанияның Құқықтық қамтамасыз ету департаментінің қолдауымен өтті.

Кездесуге Қызылорда облысы Әділет департаментінің сот орындаушылары қызметін реттеу және бақылау бөлімінің бас маманы Сабыржан Тыңғышбай мен Қызылорда облыстық адвокаттар алқасының адвокаты Ерлан Алтаев қатысты.

Кездесу барысында Компания қызметкерлеріне Қазақстан Республикасының жаңартылған Конституциясының негізгі нормалары, сондай-ақ «Заң және Тәртіп» қағидаттарының құқықтық мәдениетті, азаматтық жауапкершілікті және заңға құрметті қалыптастырудағы маңызы түсіндірілді.

Сонымен қатар құқықтық сана-сезімді нығайту, заң талаптарын сақтау және әділетті құқықтық қоғам құрудағы әр азаматтың рөлі мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Осындай іс-шаралар қызметкерлердің құқықтық сауаттылығын арттыруға, ақпараттық құзыреттілігін дамытуға және еңбек ұжымында жалпыұлттық құндылықтарды ілгерілетуге бағытталған.

Вернуться назад

Комментарии

Оставить комментарий

Басқарма блогы

Киякбаев Зияш Калдыбекович
Бас директор
Мин Хайхуэй
Бас директордың бірінші орынбасары

Сауал қою