«Қазгермұнай» БК» ЖШС әйелдер қауымын Халықаралық әйелдер күнімен құттықтады

05 наурыз 2021

5 наурызда компания Басқармасы «Қазгермұнай» БК» ЖШС ұжымының нәзік жандарын  8 наурыз Халықаралық әйелдер күнімен құттықтады. Онлайн режиміндегі бейне-конференц байланыс арқылы алдын ала ұйымдастырылған іс-шараға Microsoft Teams бағдарламасы/мобильді қосымшасы арқылы ҚГМ бас басқармасының конференц-залына кеңсе мен Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларындағы өкілдіктердің  барлық ниет білдірген қызметкерлері қосылды.

Компанияның бас директоры Мұрат Кеңесбайұлы Мұстафаев пен бас директордың бірінші орынбасары Лю Шаою кәсіпорын әйелдеріне құттықтау сөз сөйледі. Олар әйелдерге кәсіпорынның дамуына қосқан үлесі мен жұмысы үшін алғыс айтып, барлығына Қазгермұнай ұжымының сәні болып қана қоймай, жоғары білікті мамандар мен отбасы ошағының мінсіз сақтаушысы болып қала берулерін тіледі.

Одан кейін еңбегімен ерекшеленген қызметкерлер «ҚазМұнайГаз»ҰК АҚ-ның алғыс хаттарымен марапатталды. Олар: Орлова Галина-коммуникация және байланыс қызметінің жетекші маманы, Токмурзаева Салтанат-кеңсе басшысы, Орынбекова Нұргүл - ХҚЕС бойынша жетекші бухгалтер, Сырғабаева Лаура – химиялық талдау зертханашысы, Қасымова Жанна - химиялық су тазалау аппаратшысы. «Қазгермұнай» БК» ЖШС құрмет грамоталарымен марапатталды: Омар Әсел - ӨТБ инженері, Аманқұлова Ботагөз - ТЖҚ сатып алу бойынша келісімшарттар бөлімінің жетекші инженері, Адаева Ләззат - есептік жазбаға қызмет көрсету бөлімінің 1 санатты маманы, Қасымова Назерке - жетекші геолог.

Құттықтауға тамаша қосымша компанияның барлық қызметкерлеріне қолданыстағы Ұжымдық шартқа сәйкес төленген сыйлықақы болды. Серіктестік қызметкерлерінің Кәсіподағы әйелдерді парфюмерлік және косметикалық дүкендердің танымал желісінің гүлдері мен сыйлық сертификаттарымен қуантты.

Вернуться назад

Комментарии

Оставить комментарий

Басқарма блогы

Лю Шаою
Бас директор
Ізмұханбет Ринат Нұрғожаұлы
Бас директордың бірінші орынбасары

Сауал қою