Қала мектептеріне арналған сыйлық
10 қыркүйек 2014
«Қазгермұнай» ЖШС БК – ны өзінің қайырымдылық қызметінің шеңберінде және Қызылорда қалалық №21 сайлау округінен сайланған Облыстық мәслихаттың депутаты компанияның Бас директоры Медет Сәпиұлы Кәрімнің депутатық бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында №7, 235 және «Шұғыла» мөлтек ауданындағы №187 мектептері аумағындағы спорт алаңдарының ашылу салтанаты өтті.
Ашылу салтанатына «Қазгермұнай» ЖШС БК – ны Бас директорының бірінші орынбасары Юй Чжицин және компанияның әлеуметтік даму бөлімінің басшысы Алтынхан Орыншайыққызы Искакова қатысы.
Аталған алаңдарды салу толығымен «Қазгермұнай» ЖШС БК- ны арқылы қаржылындырылды. Осы жобаны жүзеге асырудағы басты мақсат мектептерде оқитын және мектеп ауданына жақын маңда тұратын балалардың денсаулығын сақтау және нығайту болды.
Сонымен қатар тұрмысы төмен және толық емес отбасыларынан шыққан балаларға мектеп жабдықтарының жиынтығы мен кеңсе жабдықтары таратылды. Таратылған жиынтықтардың жалпы саны – 300 бірлік.
Жоба «Қазгермұнай» ЖШС БК-ның осы жылғы қаланы абаттандыру мен тұрғындардың салауатты өмір-салтын қалыптастыруын нығайту барысында атқарылған жобаларының бірі ғана.