Қалалық орталық алаңдағы Наурыз мерекесі

21 наурыз 2016

 «Қазгермұнай» БК ЖШС Наурыз мерекесімен құттықтайды!

Жыл сайынғы салт бойынша ҚГМ жалпықалалық мерекелік шараларға атсалыса қатысты. Орталық алаңға тігілген киіз үйге мерекелік ұлттық ас-мәзірімен дастархан жайылды. Киіз үйге келген қонақтарды ұлттық киімдегі қазақ сұлулары домбыраның әуезді үнімен қарсы алды.
Киіз үйдің арнайы қонақтары құрметті, облыстық және қалалық ардагерлер кеңесінің еңбек сіңірген тыл және еңбек ардагерлері болды.
Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Елеуұлы Көшербаев пен Қызылорда қаласының әкімі Нұрлыбек Машбекұлы Нәлібаев құттықтау лебіздерін білдіріп, қалалық шараларға атсалыса қатысқаны үшін ҚГМ алғыстарын білдірді (ҚГМ Қызылорда қаласының әкімі Н. М. Нәлібаевтың алғыс хаты табыс етілді).

   

   

Вернуться назад

Комментарии

Оставить комментарий

Басқарма блогы

Лю Шаою
Бас директор
Ізмұханбет Ринат Нұрғожаұлы
Бас директордың бірінші орынбасары

Сауал қою