Алғыс айту күні
25 ақпан 2020
«21» ақпанда Достық үйінде «Атамекен» отбасылық үлгідегі балалар ауылының тәрбиеленушілері Алғыс күніне арналған концерттік бағдарлама ұйымдастырды. Мекеме әкімшілігінен басқа облыстық Білім басқармасының өкілдері, қала мектептерінің директорлары мен оқушылары, сондай-ақ «Атамекен» балалар ауылына демеушілік және материалдық қолдау көрсететін компаниялар қатысты. Іс-шара барысында балалар ауылының тәрбиеленушілері өздерінің көркем туындылары мен қолөнер бұйымдарын, вокалдық және би өнерлерін көрсетті, мекеме қызметкерлері мен «аналар» балалармен бірге тұратын сегіз үйдің тәрбиешілеріне алғыс айтты. Демеушілерге жеке алғыс, оның ішінде «Байқоңыр» үйін тұрмыстық техника заттарымен қамтамасыз еткен және жыл сайын мектеп формасы мен керек-жарақтарын, мерекелік дастарханға тәттілер ұсынатын «Қазгермұнай» БК» ЖШС-ға берілді. Бұдан басқа, Компания осы үйдің тәрбиеленушілерін ЖОО-на оқытуға, сондай-ақ балалар фестивальдеріне және таланттар байқауларына баруға ақы төлейді.
Компания басшылығы атынан әлеуметтік саясат және шаруашылық қамтамасыз ету департаментінің директоры Рүстем Усалиев балаларға және мекеме әкімшілігіне әдемі іс-шара үшін алғысын білдіріп, «Байқоңыр» үйінің тәрбиеленушілеріне тәттілерді сатып алатын сыйлық сертификат табыс етті.