Алғыс күні

01 наурыз 2017

  Қызылорда облысы білім беру басқармасының «Атамекен» отбасы үлгісіндегі балалар ауылы» ММ тәрбиеленушілері Алғыс күніне арналған мерекелік іс-шара ұйымдастырды. Бұл іс-шараға қатысу үшін осы мекемеге демеушілік жасап, қайырымдылық көмек көрсетіп жүрген және балалар ауылы үйлерінің тәрбиеленушілеріне қамқорлық жасап жүрген ұйымдардың өкілдері шақырылды.

  Аталған іс-шараға ҚГМ атынан Басқарма аппаратының басшысы Усалиев РүстемЖақсылықұлы және қызметкерлер кәсіподағы комитетінің төрайымы Ысқақова Алтынхан Орыншайыққызы, сондай-ақ әлеуметтік даму бөлімінің қызметкерлері қатысты. Мерекенің құрметіне ҚГМ атынан балалар үшін тәттілер мен азық-түлік сатып алынды.
 
  Іс-шара басында балалар би флешмобын орындады, одан кейін қонақтар үйлерге шақырылып, әрбір үйдің тұрғындары демеуші-компаниялар тарапынан өздеріне көрсетіліп жатқан кемек пен жәрдем үшін алғыстарын білдірді. Мысалы, ҚГМ қамқорлығындағы «Байқоңыр» үйінің тәрбиеленушілері компанияға өз атынан қолөнер бұйымдары мен алғыс хатын табыстады.

 
  Барлық қонақтар үшін ортақ мерекелік дастархан жайылды және дастарханның басында балалардың және мекеме әкімшілігінің атынан қонақтарға алғыс айтылып, ризашылық лебіздері жеткізілді.

 

  

  

Вернуться назад

Комментарии

Оставить комментарий

Басқарма блогы

Лю Шаою
Бас директор
Ізмұханбет Ринат Нұрғожаұлы
Бас директордың бірінші орынбасары

Сауал қою