ҚАРЖЫЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

21 сәуір 2025

Қаржылық қауіпсіздік – әр азамат үшін маңызды мәселе. Әсіресе интернет арқылы жасалатын алаяқтық әрекеттерді алдын алу бүгінде өзекті тақырып болып тұр. Осыған байланысты 18 сәуірде Қызылорда облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаменті «Қазгермұнай» компаниясының ұжымымен кездесу өткізді.

Жиынға арнайы аймақтық экономикалық тергеп-тексеру департаментінің басшысы қатысып, қаржылық қателіктердің салдары туралы ақпараттармен бөлісті. Сондай-ақ, департамент қызметкері М. Оралбаева дәріс оқып, қаржылық қауіпсіздік, дроп ұғымы, алаяқтық түрлері және қаржы пирамидаларынан сақтану жайлы кеңінен түсіндірді.

Кездесу соңында компания ұжымы аталмыш тақырыптарға қатысты өз сауалдарын қойып, спикерлермен пікір алмасты.

Вернуться назад

Комментарии

Оставить комментарий

Басқарма блогы

Киякбаев Зияш Калдыбекович
Бас директор
Мин Хайхуэй
Бас директордың бірінші орынбасары

Сауал қою