Ақшабұлақ кен орнындағы ТЖ бойынша түсініктемелер
21 тамыз 2023
Ақшабұлақ кен орнындағы ТЖ бойынша түсініктемелер
2023 жылғы 19 тамыз күні сағат 02-20-да "Қазгермұнай" БК " ЖШС –нің Ақшабұлақ кен орнындағы №74 ұңғыманы игеру кезінде экологиялық ыдыста тарсыл пайда болып арты өртке ұласты. Өрт орнында "Zhanros Drilling" ЖШС мердігерлік компаниясының бұрғылаушысының көмекшісі 2002 жылы туылған Г.Жетіскеновтың денесі табылды. Күйікпен облыстық ауруханаға "Zhanros Drilling" ЖШС-нің 4 қызметкері 1984 жылы туылған Б. Сәрсенов куйік шогымен және денесінің 80 % зақымданған 3 дәрежелі күйікпен, 1980 жылы туылған А. Тайлақов күйік шогымен және денесінің 45% зақымданған 3 дәрежелі күйікпен, 1992 жылы туылған Е. Қалдыбеков күйік шогымен және денесінің 95 % зақымданған 3 дәрежелі күйікпен және 1963 жылғы Н. Исабеков жеткізілді. Сағат 03-40 -та өрт "Семсер" МӨҚҚ күшімен сөндірілді. Өртті сөндіруге 6 адам және 2 бірлік мамандандырылған техника жұмылдырылды. Өрттің себебі анықталуда. Технологиялық процесс тоқтатылған жоқ. Төтенше жағдайлар департаментінің өртке қарсы қызметі шақырылған жоқ.
Сағат 05-10-да 1963 жылы туылған Н.Исабеков дәрігер тексерісінен кейін үйіне жіберілді. "Zhanros Drilling" ЖШС-нің үш қызметкері жан сақтау бөлімінде жатыр.
Қазіргі уақытта зардап шеккендерге барлық медициналық көмек көрсетіліп жатыр. "Zhanros Drilling" ЖШС-нің басшылары Облыстық көп салалы аурухананың медициналық қызметкерлерімен тығыз байланыста.
"Zhanros Drilling" ЖШС - "Қазгермұнай "БК" ЖШС келісімшарттық аумақтарында бұрғылау бойынша мердігерлік жұмыстарды орындайтын бұрғылау компаниясы.
19.08.2023 жылғы осы факт бойынша ҚР ҚК 156-бабы 3-тармағы бойынша Сырдария полиция бөлімі қылмыстық іс қозғады. Қазіргі уақытта еңбек инспекциясы арқылы болған оқиғаның барлық мән-жайларын анықтау үшін тиісті сараптама тағайындалды.