Астанада бірінші рет

25 тамыз 2011

Мұнай қызметкерлерінің кәсіби мерекесінің, Қазақстан Республикасының 20-жылдық тәуелсіздігінің аясында «Қазгермұнай» БК» ЖШС әлеуметтік қорғалмаған балаларды қолдау үшін 14 жасқа дейінгі жетім балалардың арасында «Менің Астанам» атты суреттер сайысын ұйымдастырды.
27 үздік жұмыстардың авторлары Компанияның қаражат есебінен еліміздің Астанасына туристтік іссапарға жіберілді. Осы бағдарламаға қаланың назар аударарлық орындарына және ойын-сауық орталықтарына саяхат жасалды. Балалар «Астана-Бәйтерек», ҚР Бірінші Президентінің мұражайына, Достық пен келісім сарайына, «Думан» ойын-сауық орталығына және «Хан-шатыр» орталығына баруға мүмкіндік алды. Барлық балалар Макаренко атындағы Балалар үйінінің тәрбиеленушілері.
24 тамыз күні балалар Қызылордаға қайтып келді. Олар көрген жаңалықтарымен «Қазгермұнай» БК» ЖШС қызметкерлерімен бөлісті. Серіктестіктің атына балалардан алғыс сөздер айтылды: «Рахмет, Қазгермұнай!» және Балалар үйінің тәрибешілері Италмасов Темирбек пен Оспанова Данадан алғыс сөздер естілді.

 

Вернуться назад

Комментарии

Оставить комментарий

Басқарма блогы

Киякбаев Зияш Калдыбекович
Бас директор
Мин Хайхуэй
Бас директордың бірінші орынбасары

Сауал қою