«Атамекен» балалар ауылындағы көктем мерекесі
26 наурыз 2016
ҚГМ жетім балаларға, мұқтаж жандарға әрдайым көңіл бөліп, қамқорлық көрсетіп келеді. Әлеуметтік даму бөлімінің жауапты қызметкері Әлжан Жармұхамедов «Атамекен» жанұялық үлгідегі балалар ауылында ұйымдастырылған шараның қонағы болып ҚГМ басшылығының және кәсіподақ комитетінің материалдық қолдауымен «Байқоңыр» үйінің тәрбиеленушілеріне жаңа шаңсорғыш сыйлады.
Аталған шараға бірқатар жергілікті мұнай кәсіпорындарының өкілдері қатысты. Балалар өз өнерлерін көрсетіп, тәттілер ұсынып, сонымен бірге «Наурыз» тақырыбына арналған әртүрлі ойындар мен сайыстар ұйымдастырды.