Қауіпсіздік әрқайсымыздан басталады

28 сәуір 2026

Дүниежүзілік еңбекті қорғау күні аясында «Қазгермұнай» БК» ЖШС-де кәсіпорынның келісімшарттық аумағында қызмет атқаратын мердігер ұйымдардың қызметкерлері үшін Ашық есік күні өтті. Іс-шара Ақшабұлақ кен орнында ұйымдастырылып, қауіпсіз еңбек мәдениетін нығайтуға және серіктестермен ашық диалогты дамытуға бағытталған тағы бір маңызды қадам болды.

Кездесу барысында қатысушылар Компанияда қолданылатын заманауи жеке қорғаныс құралдарымен, «Қорғау» картасының мүмкіндіктерімен танысты, сондай-ақ жүрек-өкпе реанимациясы дағдыларын пысықтай отырып, алғашқы медициналық көмек көрсету бойынша тәжірибелік шеберлік сабағына қатысты. Сонымен қатар қауіпсіздікке қатысты медициналық жабдықтар мен ақпараттық-таратпа материалдарының таныстырылымына ерекше назар аударылды.

Мұндай іс-шаралар тек кәсіби біліктілікті арттыруға ғана емес, сонымен қатар өмір мен денсаулық үшін жауапкершілік, еңбекті қорғау талаптарын сақтау, өзара қолдау және тәртіп сияқты тұрақты құндылықтарды қалыптастыруға бағытталған. Компанияда қауіпсіздік формальдылық емес, корпоративтік мәдениеттің маңызды бөлігі әрі әрбір қызметкердің жеке жауапкершілігі болып табылатын жүйелі тәсіл дәйекті түрде жүзеге асырылуда.

Ашық есік күні тәжірибе алмасуға, серіктестік қатынастарды нығайтуға және мердігер ұйымдармен кері байланысты дамытуға арналған алаңға айналды. Бұл бастама ашықтық, өзара іс-қимыл және бірыңғай қауіпсіз өндірістік ортаны қалыптастыру қағидаттарына толық сәйкес келеді.

Іс-шараға келесі компаниялардың қызметкерлері қатысты: «Бастау-S» ЖШС, «КазСпектрСтрой» ЖШС, «TechnologyАлемОйл» ЖШС, «НефтьТранс-Кызылорда» ЖШС, «КазСнабОрда» ЖШС, «Азияпромхолод» ЖШС, «Zhanros Drilling» ЖШС, «Ойлгазинжиниринг» ЖШС, «Достык Вест» ЖШС, «Рахат Строй» ЖШС, «Семсер Өрт сөндіруші» ЖШС ҚФ, «Ақ Берен» ЖШС ҚФ, «KMG Security» ЖШС ҚФ.

«Қазгермұнай» қауіпсіз еңбек мәдениетін насихаттау, кәсіби құзыреттілікті дамыту және жалпыұлттық құндылықтарды — жауапкершілік, еңбекқорлық пен өмірге құрметті нығайту бағытындағы жүйелі жұмысын жалғастыра береді.

Вернуться назад

Комментарии

Оставить комментарий

Басқарма блогы

Киякбаев Зияш Калдыбекович
Бас директор
Мин Хайхуэй
Бас директордың бірінші орынбасары

Сауал қою