Қазақстан Республикасы Энергетика вице-министрі Құдайберген Арымбек «Қазгермұнай» кәсіпорнында болды
26 маусым 2025
2025 жылғы 26 маусымда Қазақстан Республикасы Энергетика вице-министрі Құдайберген Арымбек Ақшабұлақ кен орнында болды.
Жұмыс кездесуі барысында серіктестік басшылығы "Қазгермұнай "БК" ЖШС қызметінің негізгі мәселелері, оның ішінде: бұрын бұрғыланған ұңғымаларды теңгерімге қабылдау, жобалық шешімдерді орындау, сейсмикалық барлау және жаңа іздестіру және бағалау ұңғымаларын бұрғылау перспективалары, ұзақ мерзімді оффтейк-келісімшарттар жасасу, 2024 жылы ТЖҚ-ға жергілікті қамтудың (ЖК) қатысу көрсеткіштері бойынша презентацияны және өңірді қолдау жөніндегі іс-шараларды ұсынды.
Сапар газ өңдеу қондырғыларын аралаумен жалғасты, онда компания қызметкерлері алдағы газды өңдеу аясында «ТұзкөлМұнайГаз Оперейтинг» ЖШС-нен газды қабылдаудың жұмыс схемасын көрсетті.