«Қазгермұнай» - «БӨ «ҚазМұнайГаз» АҚ компаниялары тобы қызметкерлері арасында өткен III Спартакиаданың жеңімпазы.

26 қыркүйек 2014

2014 жылдың 22 -25 қыркүйегі аралығында Қызылорда қаласында «БӨ «ҚазМұнайГаз» АҚ компаниялары тобы қызметкерлері арасында III Спартакиада өтті. Спартакиадаға «БӨ «ҚазМұнайГаз» АҚ (Астана қаласы), «Қазгермұнай» БК ЖШС (Қызылорда қаласы), «ӨзенМұнайГаз» АҚ (Жаңаөзен), «Қаражанбасмұнай» АҚ (Ақтау қаласы),«ЭмбаМұнайГаз» АҚ (Атырау қаласы), «Технологиялық транспорты басқару және ұңғымаларды күтіп ұстау» ЖШС коммандалары және ДЗО құрама командасы қатысты.
Спартакиада спорттың 11 түрі бойынша ұйымдастырылды: жеңілатлетикалық эстафета (4х100м.), арқан тарту, үстел теннисі, волейбол, 70 кг дейін қазақ күресі., 85кг дейін., 85кг жоғары., мини-футбол, баскетбол, тоғыз кұмалақ, жүзу, үлкен теннис, шахмат. Қызылорда қаласында барлығы 350 мұнайшы-спортшылар жиналды.
Табанды да ауыр сайыста «Казгермұнай» БК ЖШС-і Спартакиаданың алтын жеңімпазы атанды. «ӨзенМұнайгаз» АҚ қызметкерлері екінші орынды, ал «ЭмбаМұнайГаз» АҚ-ның командасы үшінші орынға ие болды.
Барлығы 44 спортшы компанияның намысын қорғады. Олар спорттың жеңілатлетика эстафетасы, үстел теннисі, жүзу, тоғыз құмалақ, баскетбол, ерлер және әйелдер волейболы түрлері бойынша бірінші орынды иеленді. Үлкен теннистен күміс, ал шахматтан қола иегері атанды.

Вернуться назад

Комментарии

Оставить комментарий

Басқарма блогы

Лю Шаою
Бас директор
Ізмұханбет Ринат Нұрғожаұлы
Бас директордың бірінші орынбасары

Сауал қою