«Қазгермұнай» - спортта алда
18 қыркүйек 2015
Атырау қаласында «ҚазМұнайгаз» БӨ» АҚ еншілес, тәуелді және біріге басқаратын ұйымдары еңбек ұжымдарының арасында ІV Қазақ хандығының 550 – жылдығымен ұштастырылып өткізілген Спартакиада шеңберінде спорттық сайыстар өз деңгейінде өтті. «ҚазМұнайГаз» БӨ» АҚ активтері орын алған еліміздің әртүрлі өңірлерінен келген спортшылар сайыста келесі спорт түрлері бойынша сайысты: баскетбол, мини-футбол, волейбол, теннис, үстел теннисі, жүзу, тоғыз құмалақ, жеңіл атлетикалық эстафеталар (4х100м), арқан тарту, шахмат, қазақ күресі. Ақтық қорытынды бойынша «Қазгермұнай» БК» ЖШС жалпы командалық есеп бойынша ІІ жүлделі орынға ие болды. Бірінші орын «ӨзенМұнайГаз» АҚ құрама командасына тиесілі болды. Спартакиаданы ұйымдастырушы «ЭмбаМұнайГаз» АҚ жүлделі ІІІ орынға ие болды.
КГМ спортшыларының спорттық сайыстарда алған орындары:
Жеңіл атлетикалық эстафеталар (4х100м) – I орын
Арқан тарту – IV орын
Волейбол (ерлер) – III орын
Волейбол (әйелдер) – IV орын
Теннис – I орын
Үстел теннисі (ерлер) – II орын
Үстел теннисі (әйелдер) – I орын
Жүзу (ерлер) – VI орын
Жүзу (әйелдер) – II орын
Шахмат (ерлер) – III орын
Шахмат (әйелдер) – V орын
Тоғыз құмалақ (ерлер) – I орын
Тоғыз құмалақ (әйелдер) – I орын
Қазақ күресі ( 70 кг дейін) – I орын
Қазақ күресі (85 кг дейін) – VI орын
Қазақ күресі (85 кг жоғары) – VI орын
Баскетбол – I орын
Мини-футбол – IV орын
|
|
![]() |
![]() |