«Қазгермұнай» БК» ЖШС-гі Қызылорда өңіріне медициналық оттегі станциясын сыйға тартты

26 қаңтар 2021

"Қазгермұнай" БК " ЖШС демеушілік қаражаты есебінен 2020 жылдың соңында өңірге маңызды, қажетті және пайдалы сыйлық жасалды. Көпфункционалды облыстық ауруханада оттегі станциясы орнатылды.

Өткен жылы пайдаланудың сынақ кезеңінен өту мақсатында оттегі станциясы толық емес қуатпен жұмысқа қосылды. Бүгінде  240 мотосағат шағымдар мен кемшіліктерсіз жұмыс істеп тұрған станция жұмысына толық қуатында іске қосылу  мүмкіндігі  жақындап келеді.

Көпфункционалды облыстық аурухана қабырғаларына орнатылған медициналық оттегі станциясы жоғары техникалық және экономикалық сипаттамаларға ие. Жұмыс барысында ол өзінің ерекше сенімділігі мен алынған оттегінің төмен құнын дәлелдей алды. Пайдаланылатын станцияның оттегі генерациялау жүйесі шығу кезінде оттегі концентрациясын 95 пайыздан алуға мүмкіндік береді. Жабдықтың қуаты сағатына 12 баллонды толтыруға мүмкіндік береді. Бір баллонды толтыру жылдамдығы шамамен 10 минутты құрайды.

Көпбейінді облыстық ауруханадағы медициналық оттегі станциясы аймақтың бас емдеу мекемесіне оттегі жеткізушілерден тәуелсіз болып қана қоймай, облыс орталығының басқа да медициналық мекемелеріне көмектесуге мүмкіндік береді. Көпфункционалды облыстық аурухана күн сайын 5 оттегі баллонын облыстық онкологиялық орталыққа, облыстық балалар ауруханасына және облыстық перинаталдық орталыққа тегін жібереді.

Сыйға тартылған жабдықтың құны 121 млн.теңгені құрайды.

 

Вернуться назад

Комментарии

Оставить комментарий

Басқарма блогы

Лю Шаою
Бас директор
Ізмұханбет Ринат Нұрғожаұлы
Бас директордың бірінші орынбасары

Сауал қою