ҚазГерМұнай Қазақстанды жасылдандырады: компания нысандарындағы" Таза Қазақстан " акциясы

18 қазан 2025

18 қазан 2025 жылы «Қазгермұнай» БК» ЖШС ұжымы Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша және «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ қолдауымен өткізіліп жатқан «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бастамасын қолдады.

Акция аясында компания аумағына ондаған тал-шілік көшеттері отырғызылды, олардың арасында қарағаш, павлония, алма, алхоры (слива), шие, өрік, үйеңкі, тал (ива) және көк сирень – әр түрінен 30 данадан болды. Ағаш отырғызу ҚГМ қызметкерлерінің өңірді көгалдандыру және экологиялық теңгерімді сақтау ісіне қосқан үлесінің символына айналды.

Акция кәсіпорынның әртүрлі бөлімшелерінің жұмысшыларын біріктіріп, олардың белсенді азаматтық ұстанымын, экологиялық жауапкершілігін және «жасыл мәдениетті» дамытуға деген ұмтылысын көрсетті.

«Қазгермұнай» БК» ЖШС дәстүрлі түрде қоршаған ортаны қорғауға бағытталған бастамаларды қолдайды және өз нысандарын абаттандыру мен көгалдандыру жұмыстарын жалғастыруды жоспарлап отыр.

Вернуться назад

Комментарии

Оставить комментарий

Басқарма блогы

Киякбаев Зияш Калдыбекович
Бас директор
Мин Хайхуэй
Бас директордың бірінші орынбасары

Сауал қою