«Қазгермұнай» БК» ЖШС Қызылордаға КВИ вакциналарын сақтауға арналған жабдықты сыйға тартты

18 мамыр 2021

Жалпы республикада, атап айтқанда Қызылорда облысында азаматтарды COVID-19-ға қарсы тегін вакцинациялау қарқыны артып келеді.

Аймаққа әртүрлі өндірушілердің вакциналары жеткілікті көлемде келеді, оларды 65 жастан асқан адамдардан, жүкті және бала емізетін әйелдерден, сондай-ақ жалпы денсаулық жағдайынан туындаған ерекше қарсы көрсетілімдері бар адамдардан басқа барлық адамдар ала алады.

Келіп түсетін вакциналардың үлкен көлеміне, вакцинациялау бойынша мобильді пункттердің құрылуына, сондай-ақ осы препараттарды сақтаудың кейбір ерекшеліктеріне байланысты Қызылордада коронавирустық инфекцияға қарсы вакциналарды сақтауға және тасымалдауға арналған тоңазытқыш жабдықтардың жетіспеушілігі туындады.                                                

Осы себептен «Қазгермұнай» БК» ЖШС-не облыстық денсаулық сақтау басқармасынан қаланың медициналық мекемелеріне он үш медициналық мұздатқыш пен жиырма компрессорлық автохолодильник сатып алуға демеушілік көмек көрсету туралы өтініш келіп түсті. Серіктестік осы жабдықты сатып алуға 18,5 млн.теңгеден астам қаражат бөлді.

14 Мамырда медициналық мұздатқыштар мен компрессорлық автохолодильниктер «Қызылорда облысының Денсаулық сақтау басқармасы» «Арнайы медициналық жабдықтау базасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің базасына жеткізілді, олар ішінара қалалық емханаларға таратылды. Медициналық мұздатқыштар қоймадан келесі ұйымдарға келесі көлемде жіберілді: №6 қалалық емхана - 6 дана; № 2 қалалық емхана – 2 дана; №1 қалалық емхана – 1 дана; №3 қалалық емхана – 1 дана; облыстық диагностикалық орталық - 1 дана.

Вернуться назад

Комментарии

Оставить комментарий

Басқарма блогы

Лю Шаою
Бас директор
Ізмұханбет Ринат Нұрғожаұлы
Бас директордың бірінші орынбасары

Сауал қою