«ҚАЗГЕРМҰНАЙ» БК» ЖШС 2025-2027 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН ЖАҢА ҰЖЫМДЫҚ ШАРТҚА ҚОЛ ҚОЙДЫ
12 желтоқсан 2024
12 желтоқсанда «Қазгермұнай» БК» ЖШС мен оның мүдделерін кәсіподақ комитеті ұсынған жұмыскерлері арасында 2025-2027 жылдарға арналған жаңа Ұжымдық шартқа қол қойылды. Ұжымдық шартқа қол қою кезінде компанияның еңбек ұжымы қатысып, компания бас директорының жаңа бірінші орынбасары Мин Хайхуэй таныстырылды.
Қол қою алдында еңбек ұжымдарында - цехтарда, учаскелерде, компания бөлімдерінде жобаны кеңінен талқылау, серіктестік жұмыскерлерінен ұсыныстар жинау, «Қазгермұнайдың» қаржылық-экономикалық жағдайы талданды.
Құжаттың басты ерекшелігі – кәсіпорын жұмыскерлерін барлық әлеуметтік кепілдіктерді сақтау. Бұл туралы компанияның бас директоры Зияш Қияқбаев мәлімдеді: «Мұнай өндірудің азаюына және өндірістік емес шығындарды үнемдеуге байланысты көптеген мәселелерге қарамастан, біз қолданыстағы құжатта бекітілген жағдайлардың нашарлауына жол бермедік. Жаңа Ұжымдық шарт компаниядағы алдыңғы шартта көзделген барлық әлеуметтік жеңілдіктер мен кепілдіктерді сақтап қалды.» Оларға баланың тууына, некеге тұруына, мерейтойлық күндеріне, жасына байланысты зейнеткерлікке шығуына, әскери қызметке шақырылуына байланысты біржолғы жәрдемақы төлеу, отбасында мүгедек балалары бар, жалғызбасты аналар/әкелер болып табылатын,асырауында 21 жасқа дейінгі төрт және одан да көп баласы бар жұмыскерлерге материалдық көмек көрсету, жақын туысы қайтыс болған жағдайда, сондай-ақ жұмыскер қайтыс болған жағдайда оның туыстарына, мемлекеттік және кәсіби мерекелерге арналған сыйлықақылар жатады.
ҚГМ бірінші басшысы ұжымға ұжымдық шартты талқылау процесінде сындарлы диалог жүргізгені үшін алғысын білдірді.
Айта кету керек, биыл «Қазгермұнайда» кәсіподақтың жаңа активі және Кәсіподақ комитетінің төрағасы сайланды. Оған «Ақшабұлақ» кен орнында жұмыс істейтін Ұңғымаларды бұрғылау және жөндеу қызметінің бастығы Мұрат Сапаров тағайындалды.
Тараптар бір-бірін Ұжымдық шартқа сәтті қол қойылуымен құттықтап, оның барлық тармақтары бұрынғыдай толық көлемде орындалатынына сенім білдірді.
Сондай-ақ, «Қызылорда облысының Кәсіподақ орталығы» Аумақтық кәсіподақ бірлестігі басшысының орынбасары Марат Байымбетов пен Қызылорда облысы бойынша мұнай-газ кешенінің қазақстандық салалық кәсіптік одағының төрағасы Алтынхан Ысқақова серіктестіктің қызметкерлерін құттықтады.