«Қазгермұнай» БК» ЖШС ағаш отырғызу акциясын өткізді

12 қазан 2024

«Таза Қазақстан» жалпы республикалық экологиялық акциясы аясында 12 қазанда «Қазгермұнай» БК» ЖШС ұжымы "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ компаниялар тобының қатарынан басқа ұйымдармен бірге жаппай ағаш отырғызуды жүргізді. Компанияның кеңсесінде жалпы саны 120 дана алма, қара өрік және шие отырғызылды.

Іс-шара болашақта таза ауа мен жақсы экологияға қол жеткізуге мүмкіндік беретінін түсініп, акцияға құлшыныспен қосылған 60-қа жуық кәсіпорын қызметкерлерін жинады. Осы жылдың көктемінде Серіктестік ұжымы Қызылорда облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының     «Мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған оңалту орталығы» КММ жанында ағаш отырғызды.

 

Вернуться назад

Комментарии

Оставить комментарий

Басқарма блогы

Киякбаев Зияш Калдыбекович
Бас директор
Лю Шаою
Бас директордың бірінші орынбасары

Сауал қою