«Қазгермұнай» БК» ЖШС қалаға тапқырлық пен күлкі мерекесін сыйлады

13 қыркүйек 2013

13 қыркүйекте Қазақстанда алғаш рет Н.Бекежанов атындағы Қызылорда облыстық қазақ музыкалық драма театрында «Ең үздік КВН» КВН-фестивалі өтті. Онда Оңтүстік Торғай өңіріндегі «Мұнайшылар» командасының жас мұнайшыларының қарсыластары болып «KZландия» жобасындағы тәжірибелі әзіл-сықақшылар шықты. Сонымен қатар, фестивальге «КешYou» музыкалық триосы да қатысты.

Аталған шара жақында ғана өткен ҚР мұнайгаз кешені қызметкерлерінің күні – кәсіби мерекесіне арналды және «Қазгермұнай» БК» ЖШС-нің 20 жылдығына орай ұйымдастырылды. Аталған шараның бас демеушісі, әрі жобаның бірлескен ұйымдастырушысы да болды. Негізгі ұйымдастырушы – «Дарын» жастар продюсерлік орталығы жастар қоғамдық бірлестігі болды.

Жастардың ұйымдастырған қызықты шарасына Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Ақмарал Шәріпбайқызы Әлназарова қатысты. Өз сөзінде, ол, «Казгермұнай» БК» ЖШС басшылығын, оның Бас директоры М.С.Кәрімге өңірдегі жастарды қолдап, осындай шараны ұйымдастыруға қол ұшын бергені үшін өз алғысын айтты.

Фестивальдің көрермендері ретінде мұнай компаниясының қызметкерлері шақырылды: «Қазгермұнай» БК» ЖШС, «ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз» АҚ, «Қуат Амлон Мұнай» БК ЖШС, «Торғай Петролеум» АҚ, «КОР» мұнай компаниясы» АҚ БК ЖШС, «SNPC «Ай-Дан Мұнай» ЖШС, «Құмкөл Транс Сервис» ЖШС, «САУТС-Ойл» ЖШС, «KAZPETROL GROUP» ЖШС, сонымен қатар, «Мұнайшылар» командасы қатысушыларының туыстары мен достары қатысып отырды.

Фестивальдің бағдарламасында: таныстыру (амандасу), 5 данадан биатлон, фотокөрсетілім (командаларға үлкен экраннан әртүрлі қызықты фотосуреттер көрсетіліп отырды. 30-секундық талқылаудан кейін командалар өздерінің күлдіргі жауаптарын ұсынды), үй тапсырмасы: тақырыбы «Қызылорда қаласы».
Фестиваль өтетін күннен бір күн бұрын, 12 қыркүйекте, «КешYou» тобының әртістері мен «KZландия» КВН-командасы «Қазгермұнай» БК» ЖШС компаниясының Ақшабұлақ кен орнына барып, қызықтап болған соң, осы саланың қызметкерлеріне шағын концертін ұсынды.

Вернуться назад

Комментарии

Оставить комментарий

Басқарма блогы

Лю Шаою
Бас директор
Ізмұханбет Ринат Нұрғожаұлы
Бас директордың бірінші орынбасары

Сауал қою