«Қазгермұнай» БК» ЖШС – «Қазақстанның 2013 жылғы көшбасшысы»

01 шілде 2013

 «Қазгермұнай» БК» ЖШС ұлттық статистикалық саралау мәліметтеріне негізделіп өтетін, Қазақстанның экономикасын ілгерілетуге ықпал жасап отырған жетекші кәсіпорындарды жалпы мемлекеттік республикалық рейтингтік бағдарлама бойынша марапаттаудың қорытындысы бойынша «Қазақстанның 2013 жылғы көшбасшысы» атанып, алтын марапатқа ие болды. Серіктестік шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржы-экономикалық қызметі көрсеткіштерінің жиынтығы бойынша жалпы мемлекеттік статистикалық саралау бойынша Қазақстан Республикасының ТОП-10 жетекші-кәсіпорындардың алдыңғысы болды, үш номинацияның жеңімпаз болғаны орындардың жиынтығында ескерілді: «Активтер мен міндеттердің көрсеткіштері», «Кірістің көрсеткіштері», «Өтімділік көрсеткіштері».

Марапаттарды жеңімпаздарға тапсыру үшін арнайы жұмыс сапарымен Қызылордаға бизнес-рейтингтің Ұлттық ұйымдастыру комитетінің төрағасы – Гүлнар Хабибрахманова ханым да келді. Марапаттау салтанаты облыстық әкімдіктің ғимаратында бірінші шілдеде өтіп, оған Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Елеуұлы Көшербаев қатысты.

Марапаттау рәсімі аясында облыс әкімі Серіктестік Басқармасына оның Бас директоры Медет Сапиұлы Кәрімге және бас директордың бірінші орынбасары Юй Чжицинге Ұлттық сертификатты және «Қазақстанның 2013 жылғы көшбасшысы» медалін тапсырды. «2013 жылдың маманы» сертификатын – экономика және қаржы мәселесі жөніндегі бас директордың орынбасары Жайық Түгелұлы Махин, «Тиімділік үшін» атаулы төсбелгі медалін – өндіріс мәселесі жөніндегі бас директордың орынбасары Нұржан Базарбайұлы Әбдірахимов иеленді.

Вернуться назад

Комментарии

Оставить комментарий

Басқарма блогы

Лю Шаою
Бас директор
Ізмұханбет Ринат Нұрғожаұлы
Бас директордың бірінші орынбасары

Сауал қою