«Қазгермұнай» БК» ЖШС – Ұлттық бизнес-рейтингісі бойынша сала көсбасшысы

20 тамыз 2015

Қазақстан Республикасындағы кәсіпорындардың қаржылық-экономикалық көрсеткіштері негізінде (2013 – 2014 жылдың 1 тоқсанына) жасалған жалпымемлекеттік тәуелсіз саралау нәтижесі бойынша «Қазгермұнай» БК» ЖШС-не Ұлттық бизнес-рейтингісі (ҰБР) нұсқасы бойынша «Сала көсбасшысы» медалі табысталды. Аталған зерттеу шеңберінде жасалған қысқа және ұзақ мерзімдегі даму перспективасын болжай отырып, қаржылық және шаруашылық (экономикалық) көрсеткіштерінің кешенді талдауы бойынша Серіктестік негізгі өндірістік қызметін жүзеге асырып отырған Қызылорда өңірінің ғана емес, сонымен қатар ұлттық ауқымдағы тұрақты және сенімді кәсіпорын болып табылды.
«Сала көсбасшысы» медалі ҰБР Одағында көсбасшылық орынға ие болған компанияларға ғана беріледі. Марапат кәсіпорынның мінсіз имиджі мен Қазақстан Республикасы экономикасына қосқан салмақты үлесінің дәлелі.
Марапаттау рәсімі Ұлттық Бизнес-рейтингі Кеңесінің «ЕАЭС елдеріндегі қатерлерді басқару инструменттері» XXVII Экономикалық форумы шеңберінде үстіміздегі жылдың 20 тамызында Астана қаласындағы «Тәуелсіздік сарайы» МКҚК Конгерсс залында өтті.

 

Вернуться назад

Комментарии

Оставить комментарий

Басқарма блогы

Лю Шаою
Бас директор
Ізмұханбет Ринат Нұрғожаұлы
Бас директордың бірінші орынбасары

Сауал қою