«Қазгермұнай» БК »ЖШС -не жас спортшылар қонаққа келді

05 қазан 2021

Үстіміздегі жылдың 5 қазанында «Қазгермұнай» БК» ЖШС-нің Бас кеңсесіне 6 жастан 11 жасқа дейінгі дарынды спортшы балалар келді. Спортшылар осы жылғы қыркүйек айының 29 - 30 аралығында Нұр-Сұлтан қаласында  өткен 5 жастан 18 жасқа дейінгі балалар арасында каратэден I Республикалық «Nur-Sultan Cup» турниріне қатысу үшін демеушілік қолдау көрсеткені үшін компания басшылығына ризашылығын білдіргісі келді. Турнирге Қызылордадан барлығы 7 спортшы қатысып, оның үшеуі алтын, екеуі қола медаль жеңіп алды.

Жас спортшыларды бас директордың бірінші орынбасары Мұрат Мұстафаев қарсы алды. Ол балаларға логотипі бар рюкзактар ​​мен қолшатырларды сыйға тартты, Серіктестік мұражайына экскурсия жасады, мұражайда «Қазгермұнай» компаниясының қызметі туралы, компанияның Қызылорда облысының дамуына қосқан үлесі, сондай - ақ компанияның табысы мен Серіктестік ұжымының әртүрлі спорт сайыстарындағы жетістіктері туралы айтып берді. М.Мұстафаев балаларға Қазақстан Республикасының чемпионатына қатысуға дайындалуда сәттілік, жаңа жеңістер мен жетістіктерге қол жеткізуді тілей отырып, спорттағы табыстар мектепте жақсы оқу қажеттілігін жоққа шығармайтындығын баса айтты.

Вернуться назад

Комментарии

Оставить комментарий

Басқарма блогы

Лю Шаою
Бас директор
Ізмұханбет Ринат Нұрғожаұлы
Бас директордың бірінші орынбасары

Сауал қою