«Қазгермұнай» БК» ЖШС – «Парыз» конкурсының жеңімпазы

09 желтоқсан 2012

«Қазгермұнай» БК» ЖШС «Үздік ұжымдық келісім-шарт» номинациясы бойынша «Парыз» сыйлығының жеңімпазы атанды. Осы жылы өткен «Парыз» бизнестегі әлеуметтік жауапкершілік конкурсы осымен төртінші рет ұйымдастырылып отыр.
Бұл аталым Елбасының қолдауымен бекітілген. Конкурстың мақсаты – әлеуметтік мәселелерді шешуде жеке кәсіпкерлік субъектілеріне жағдай жасау. Осы жылғы конкурсқа қатысу үшін еліміздің барлық өңірлерінен 610 тапсырыс берілген. Нәтижесінде үш номинация бойынша лауреаттар анықталды: «Жылдың үздік әлеуметтік жобасы», «Үздік ұжымдық келісім-шарт», «Үздік әлеуметтік жауапты кәсіпорын», «Экологияға қосқан үлесі үшін». Аталған конкурс ұйымдастырылғалы бері 1600-ден аса компаниялар қатысып, 109 кәсіпорын лауреат атанған.

 

Вернуться назад

Комментарии

Оставить комментарий

Басқарма блогы

Қайыпов Ерсейіт Жолмырзаұлы
Бас директор (Басқарма төрағасы)
Мин Хайхуэй
Бас директордың бірінші орынбасары (Басқарма мүшесі)

Сауал қою