«Қазгермұнай» БК» ЖШС аталарымыздың ерліктеріне құрмет көрсетті
06 мамыр 2011
Соғыс әрдайым кенеттен басталады, дегенмен кейінгі ұрпақтар үшін ол шарасыз болып табылады. 1941 жылы ең алапат, ең қымбат, ең жақын соғыс Ұлы Отан соғысы басталды.
Ұлы Отан соғысы жеңісінің 66-жылдығын тойлау аясында 6 мамыр күні «Қазгермұнай» БК» ЖШС ҰОС ардагерлері үшін қайырымдылық науқан өткізді. Соғыстың 20 қатысушысы үшін «Асетан» мейрамханысында ас берілді. Мерекеге қатысушылар үшін концерт ұйымдастырылды, мұнда соғыс жылдарының әндері орындалды. Ардагерлерге 50 000 теңге көлемінде ақшалай сыйлықтар берілді. Соныменн қатар денсаулықтарын түзеу үшін 20 ардагер «Жаңақорған» шипажайында демалу үшін жолдама алды.
Аталарымыз бен әкелеріміздің ерліктеріне құрмет көрсету үшін Жалпы мәселелер жөніндегі бас директордың орынбасары Изтлеуов Әділжан келді. Ол ардагерлерге құттықтау сөзімен шықты, өз сөзінде ол Жеңістің Қазақстан халқы үшін маңызды екендігін атап өтті. Изтлеуов Ә. Жеңіс күнінің бір жағынан қуанышты да, бір жағынан қайғылы екендігін айтты. Осы мереке біздің бәрімізге шексіз мақтаныш және алғыс сезімін ұялатытынын айтты. «Қазгермұнай» БК» ЖШС атынан ол ардагерлерге денсаулық, ұзақ өмір, бірлік, тыныштық болуды тіледі!