«Қазгермұнай» БК ЖШС «Атамекен» отбасылық үлгідегі балалар ауылын 10 жылдық мерейтойымен құттықтады

16 мамыр 2025

Биыл «Атамекен» отбасылық үлгідегі балалар ауылы өзінің алғашқы маңызды мерейтойын – құрылғанына 10 жыл толуын атап өтті. Ізгі дәстүр бойынша «Қазгермұнай» БК ЖШС мерекелік іс-шараларға қатысып, ауыл ұжымына олардың баға жетпес еңбегі үшін алғыс білдірді.

 

Компания атынан құттықтау сөзді Адам ресурстарын басқару және әкімшілік қамтамасыз ету департаментінің директоры Бауыржан Бөлтеков айтты. Ол қиын өмірлік жағдайға тап болған балалар үшін «Атамекеннің» маңызды рөлін атап өтті:

«Осы жылдар ішінде «Атамекен» нағыз қамқорлық пен жан жылуының мекеніне айналды. Біз алғашқы күндерден бастап сіздердің үйлеріңізді қолдап келе жатқанымызды мақтан етеміз. Қайырымдылық біз үшін тек сандар емес, бұл – компания философиясының бір бөлігі».

 

Көпжылдық қолдаудың ерекше белгісі ретінде Қызылорда облысының әкімі атынан «Қазгермұнай» БК ЖШС бас директоры Зияш Қияқбаевқа Алғыс хат табысталды. Онда компанияның балалар ауылы тәрбиеленушілерінің өмір сүру жағдайын жақсартуға және өңірдің әлеуметтік инфрақұрылымын дамытуға қосқан елеулі үлесі атап өтілді.

 

«Қазгермұнай» компаниясы соңғы 10 жыл бойы «Атамекен» балалар ауылына жүйелі көмек көрсетіп келеді – аумақты абаттандырудан бастап балаларды қажетті құралдармен қамтамасыз етуге және мәдени бастамаларға қатысуға дейін. Бұл ынтымақтастық алдағы уақытта да жалғасын табады.

Вернуться назад

Комментарии

Оставить комментарий

Басқарма блогы

Киякбаев Зияш Калдыбекович
Бас директор
Мин Хайхуэй
Бас директордың бірінші орынбасары

Сауал қою