Қазгермұнай» БК» ЖШС Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған экспозицияны құруға демеушілік көрсетті

12 ақпан 2021

10-12 ақпан аралығында Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану мұражайында Ашық есік күндері өтті. Осы іс-шара аясында келушілерге Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған жаңа жылжымалы экспозиция ұсынылды. Экспозицияны құруға «Қазгермұнай» БК» ЖШС демеуші болды.

Экспозицияға төрт блок кірді. Бірінші блок егемен Қазақстанның қалыптасуына арналған. Мұнда республиканың мемлекеттік рәміздерінің жасалуы және олардың авторлары туралы ақпарат, құжаттар және фотосуреттер ұсынылған. Екінші блок егемен мемлекеттің жаңа астанасының құрылу тарихын көрсетеді. Онда астананы көшіру туралы шешімнің қалай қабылданғандығы туралы фотосуреттер мен құжаттар, сондай-ақ Нұр-Сұлтанның басты көрікті жерлерінің суреттері орналастырылған. Үшінші блокта Қазақстанның әлемдік саяси аренадағы рөлі мен орны көрсетілген. Мұнда Тұңғыш президент Н. Ә.Назарбаевтың ядролық қарусыздану, әлемдік саяси саммиттер және біздің мемлекет аумағында өткізілген іс-шаралар жөнінде қабылдаған шешімі туралы фото және құжаттармен танысуға болады. Төртінші блок Қызылорда өңірінің егемендік алғаннан бергі жетістіктері туралы түсінік береді. Бұл блокта тәуелсіздік жылдары құрылған ірі өндірістік кәсіпорындардың, сондай-ақ салынған ірі әлеуметтік нысандардың фотосуреттері ұсынылған.

Вернуться назад

Комментарии

Оставить комментарий

Басқарма блогы

Киякбаев Зияш Калдыбекович
Бас директор
Мин Хайхуэй
Бас директордың бірінші орынбасары

Сауал қою