«Қазгермұнай» БК ЖШС «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ компаниялар тобының арасында өткен «Үздік маман-2019» байқауының чемпионы

04 қыркүйек 2019

     Үстіміздегі жылдың 2 қыркүйегінде Ресей Федерациясы, Татарстан Республикасы, Альметьевск қаласында «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ компаниялары тобының арасында жұмысшы мамандардардың кәсіби шеберлігі бойынша жыл сайын өткізілетін «Үздік маман-2019» байқауы өз мәресіне жетті.  

     «Қазгермұнай» БК ЖШС байқаудың он екі номинациясына қатысып, әр номинация бойынша Серіктестік жұмысшылары жүлделі орындарға ие болды.  Қорытындысында компания жалпы командалық бірінші орынды иемденді.

     «ҚГМ» БК ЖШС байқауға қатысатын үміткерлер арасында алдын-ала ішкі іріктеу жүргізді. Ішкі іріктеудің жеңімпаздары байқауда компания намысын қорғады. Байқау екі кезеңде өткізілді. Байқаудың бірінші кезеңі – компьютерлік тестілеу әдісімен өткізілді. Екінші кезең – өндірістік нысандарда  болатын практикалық тапсырмаларды орындау.

     Байқау жеңімпаздары мен жүлдегерлері: «Үздік мұнай өндіру операторы» -  Мерекеев Ғазиз – 1 орын; «Үздік ұңғымаларды зерттеу операторы» -  Еламанов Нұрлан – 1 орын, «Үздік қабат қысымын ұстау операторы» -  Мұқатов Түгел – 1 орын; «Үздік химиялық талдау лаборанты» -  Мұратқызы Лаура – 1 орын; «Үздік қырнаушы» - Жылыбаев Сарадин – 1 орын; «Үздік электргаздәнекерлеуші» - Отарбаев Рахымжан – 1 орын; «Үздік тауар операторы» -  Нұрадинов Бақытжан и Қыдырбаев Дүйсенали – 2 орын (байқаудың практикалық кезеңінің  талабы – тандемде кезекті алмастырушының жұмысы); «Үздік БӨҚжА слесары» - Әлайдар Злуфхар – 2 орын; «Үздік электромонтер» - Тойболов Қайрат – 3 орын. «Үздік мұнай кеніштік жабдықтарды жөндеу бойынша темір ұстасы» номинациясы бойынша байқауға   «Қазгермұнай» БК ЖШС атынан Ерсайтов Қанат, ал «Үздік газсығымдаушы қондырғысының машинисті» Тоғызбаев Нұрсұлтан қатысты.

     Серіктестік байқау жеңімпаздары мен жүлдегерлерін құттықтай отырып, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ компаниялар тобының арасында «Қазгермұнай» БК ЖШС-нің беделін арттырып, көшбасшылық орнын нығайтуға қосқан үлестері үшін шексіз алғысын білдіреді.

 

   

Вернуться назад

Комментарии

Оставить комментарий

Басқарма блогы

Лю Шаою
Бас директор
Ізмұханбет Ринат Нұрғожаұлы
Бас директордың бірінші орынбасары

Сауал қою