«Қазгермұнай» БК» ЖШС бас директорының 2020 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша ұжымға бейне үндеуі

06 қазан 2020

Қызметкерлердің қауіпсіздігі мақсатында, коронавирустық инфекцияның пандемиясына байланысты эпидемиологиялық жағдайға, сондай-ақ «Қазгермұнай» БК» ЖШС басшылығы мен оның қызметкерлері арасындағы ішкі коммуникациялар қағидаларына сәйкес, кері байланысты жүзеге асыру және 2020 жылдың І жартыжылдығының қорытындысын ұсыну үшін компанияда бас директор М. К. Мұстафаевтың бейне үндеуі дайындалды. Үндеу 27 қыркүйек пен 3 қазан аралығында арнайы бөлінген ТВ-арнада Ақшабұлақ және Нұралы кен орындарында көрсетілді. Қызылорда қаласындағы бас басқарма мен Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларындағы өкілдіктердің қызметкерлеріне үндеу 28-30 қыркүйек аралығында жұмыс уақытында жұмыс компьютерлерінен көруге қол жетімді болды.

Кәсіпорынның бас директоры Мұрат Кеңесбайұлы Мұстафаев еңбек ұжымының назарына 2020 жылдың 1 жартыжылдығының қорытындысы бойынша есепті  презентация түрінде ұсынды. Онда бірінші болып Серіктестіктің өндірістік-экономикалық көрсеткіштері, 2020 жылдың 6 айында өткізілген ұйымдастырушылық және геологиялық-техникалық іс-шаралар айтылды.

Бірінші басшының үндеуінің келесі бөлімі қауіпсіздік және еңбекті қорғау блогы болды. Презентацияда өндірістік жарақаттану мен кәсіби аурулардың талдауы, денсаулық жағдайы бойынша медициналық эвакуациялардың саны және еңбекке жарамсыздық күндерінің саны ұсынылды. М. К. Мұстафаев ұжымды өткен жарты жыл ішінде компанияда өндірістік жарақаттанудың бірде-бір оқиғасы болмағаны үшін мақтады және «Қазгермұнай» БК» ЖШС үшін қызметкерлердің қауіпсіздігі әрқашан да маңызды құндылық болып қала беретінін тағы да еске салды. Коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу шеңберінде Компания жүзеге асырған іс-шаралар бойынша ақпарат жеке слайдпен ұсынылды.

Есеп беру кездесуінің тәртібін ұстана отырып, Бас директор өзінің үндеуінде адами ресурстарды басқару блогына көшті. Мұнда персоналды дамыту және бағалау, 2020 жылдың екі тоқсанына сыйлықақы төлеу, еңбек тәртібі, қызметкерлерді марапаттау, бос лауазымдарға орналастыру сияқты тақырыптар қозғалды.

Әлеуметтік блок бойынша ақпарат келесі бөлімдерді қамтыды: 2019 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда сомасы өскен әлеуметтік төлемдер мен өтемақылар, қызметкерлерді санаториялық-курорттық емдеу, Қазақстанда ТЖ режимі енгізілгенге дейін Серіктестік өткізген корпоративтік және әлеуметтік маңызы бар іс-шаралар, демеушілік.

Бұдан әрі М. К. Мұстафаевтың есебі компанияның 2020 жылға арналған инвестициялық жоспарларын жариялаумен жалғасты.

Есепті кездесуді дәстүрлі түрде өткізу объективті себептер бойынша тоқтатылғандықтан, ұжымға оны қызықтыратын ақпаратты ұсыну үшін, барлық қызметкерлер ішкі коммуникациялардың қолжетімді арналары: электрондық пошта, ҚГМ веб-сайтындағы Басқарма блогы, сұрақтар мен ұсыныстарды жинауға арналған жәшіктер арқылы Басқарма мүшелеріне өз сұрақтарын қою мүмкіндігі туралы алдын ала хабардар етілді. Сұрақтар 17-26 тамыз аралығында жиналды. Барлық түскен сұрақтарға жауаптар бейне үндеуде ұсынылды.

 

 

Вернуться назад

Комментарии

Оставить комментарий

Басқарма блогы

Лю Шаою
Бас директор
Ізмұханбет Ринат Нұрғожаұлы
Бас директордың бірінші орынбасары

Сауал қою