«Қазгермұнай» БК» ЖШС Басқармасының 2019 жыл қорытындысы бойынша еңбек ұжымымен есеп беру кездесуі

06 ақпан 2020

Ақшабұлақ к/о-ның спорт залында «Қазгермұнай» БК» ЖШС Басқармасының 2019 жыл қорытындысы бойынша компанияның еңбек ұжымымен есеп беру кездесуі өтті. Серіктестіктің өткен жылғы қызметі туралы қызметкерлер алдында Кәсіпорынның бас директоры Мұрат Кеңесбайұлы Мұстафаев есеп берді. 

Тұсаукесерде бірінші болып Серіктестіктің өндірістік-экономикалық көрсеткіштері, 2019 жылы өткізілген ұйымдастыру және геологиялық-техникалық іс-шаралар, сондай-ақ компанияның қаржы және өндірістік бөлімшелерінің қызметкерлері бірлесіп айналысатын ағымдағы өндірістік мәселелер айтылды.

Бірінші басшының баяндамасының келесі бөлімі қауіпсіздік техникасы және еңбекті қорғау бойынша блок болды. М. К. Мұстафаев жиналғандарға өндірістік жарақаттану мен кәсіби аурулардың талдауын таныстырып, 2018 жылмен салыстырғанда денсаулық жағдайы мен еңбекке жарамсыз күндер саны бойынша медициналық эвакуация саны өткен жылы қысқарғанын атап өтті. Сондай-ақ, ол ұжымды 2019 жылы компанияда бірде-бір өндірістік жарақаттану оқиғасы болмағаны үшін мақтады және «Қазгермұнай» БК» ЖШС үшін қызметкерлердің қауіпсіздігі әрдайым маңызды құндылық болып қалатынын еске салды.

Есеп беру кездесуінің тәртібін басшылыққа ала отырып, Бас директор өткен жылы компанияда өндірістік персоналды ауқымды аттестаттау қорытындысына басты назар аударылған адам ресурстарын басқару блогына көшті. Жұмыс персоналының жалпы штат саны 407 адамға, 382 жұмысшы (93,9%-ды құрайды) біліктілік деңгейінің сәйкестігі және біліктілік разрядтарын арттыру мәніне аттестаттаудан өтті. Аттестаттау екі кезеңде өткізілді: бірінші кезең тестілеу, екінші кезең әңгімелесу. 332 адам аттестаттаудың бірінші кезеңінен сәтті өтті. Олардың 209-ы біліктілік дәрежесін арттыру мақсатында екінші кезеңге қатысуға шешім қабылдады. Аттестаттаудың екінші кезеңінің қорытындысы бойынша барлығы 150-ден астам қызметкердің разряды көтерілді. Аттестаттаудың бірінші кезеңінен өтпеген 50 қызметкер үшін оқыту ұйымдастырылып, қайта тестілеуден өту мүмкіндігі берілгенін атап өту қажет. Серіктестіктің бірде-бір қызметкері аттестаттаудың қорытындысы бойынша жұмыстан босатылған немесе қысқартылған жоқ. Бұдан әрі: персоналды дамыту және бағалау, 2019 жылға сыйақы беру, еңбек тәртібі, қызметкерлерді марапаттау сияқты тақырыптар қозғалды.

Әлеуметтік блок келесі бөлімдермен ұсынылды: әлеуметтік төлемдер мен өтемақылар, олардың сомасы 2018 жылмен салыстырғанда айтарлықтай өсті, қызметкерлердің санаторлық-курорттық емделуі және олардың балаларының сауықтыру демалысы, сонымен қатар демалушылар санының артуы, қызметкерлердің әлеуметтік-тұрмыстық жағдайларын жақсарту жөніндегі іс-шаралар мен жобалар, корпоративтік және әлеуметтік маңызы бар іс-шаралар, демеушілік. 2019 жылғы ең маңызды корпоративтік іс-шаралар: мемлекеттік мекемелер басшыларының, Серіктестік Қатысушыларының және Қызылорда облысы мұнай-газ секторының еңбек сіңірген ардагерлерінің қатысуымен Қазақстан мұнайының 120 жылдығына арналған салтанатты жиналыс, сондай-ақ қала тұрғындары мен қонақтары үшін Орталық қалалық алаңда өткізілген гала-концерт. «Қазгермұнай» БК» ЖШС демеуші болған ең ірі жоба – Сырдария өзенінің сол жағалауында орналасқан жастарға қызмет көрсету орталығының құрылысын аяқтау және пайдалануға беру.

«Үздік маман» байқауы мақтаныш үшін үлкен себеп болды, «Қазгермұнай» БК» ЖШС қызметкерлері үздік нәтиже көрсетті: 6 қызметкер бірінші орынға, 3 қызметкер екінші орынға, бір қызметкер үшінші орынға ие болды.

М. К. Мұстафаев өз есебін компанияның 2020 жылға арналған жоспарын жария ету арқылы аяқтады.

Келесі баяндамашы ретінде Бас директордың кадр және әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары М. А. Сәрсенбаев сөз сөйледі, ол ұжымды компанияның әлеуметтік тұрақтылық индексін кешенді зерттеу нәтижелерімен таныстырды.

Есеп беру бөлімінен кейін кездесу сұрақ-жауап форматында жалғасты.

 

 

Вернуться назад

Комментарии

Оставить комментарий

Басқарма блогы

Киякбаев Зияш Калдыбекович
Бас директор
Мин Хайхуэй
Бас директордың бірінші орынбасары

Сауал қою