«Қазгермұнай» БК ЖШС басшылығының 2018 жыл қорытындысы бойынша еңбек ұжымымен есепті кездесуі

06 наурыз 2019

«Қазгермұнай» БК ЖШС Басшылығы Ақшабұлақ кен орнының спорт залында 2018 жыл қорытындысы бойынша еңбек ұжымымен есепті кездесу өткізді. Компанияның Бас директоры Мустафаев Мұрат Кеңесбаевич пен бас директордың бірінші орынбасарының міндетін атқарушы Ся Шицзюнь еңбек ұжымына жылдың барлық өндірістік және қаржы-экономикалық көрсеткіштер бойынша жетістікпен жабу үшін аянбай еңбек етіп, тер төгіп, зор үлес қосқандары үшін алғыстарын білдірді.

Серіктестік қызметінің басты бағыттары: өндірістік және геологиялық сала, қаржы- экономикалық сала, еңбек және қоршаған ортаны қорғау, адами ресурстарды басқару және әлеуметтік сала қызметінің қортындысы бойынша бас директор Мустафаев Мұрат Кеңесбаевич сөз сөйледі.

Өз сөзін Мұрат Кеңесбайұлы 2017 жыл мен 2018 жылдың І жартыжылдығының қорытындысы бойынша еңбек ұжымымен өткен есепті кездесудегі хаттамалық шешімдердің орындалу жағдайы жөніндегі есептен бастады. Кездесу бойы жұмыс беруші тарапынан да, жұмысшылар тарапынан да техникалық қауіпсіздікті және еңбек қорғау талаптарын қатаң сақтау мәселелеріне аса мән берілді.

Есеп беруден соң кездесу сұрақ-жауап форматына ауысты. Ақшабұлақ, Нұралы және Ақсай кен орындарының қызметкерлері компания басшылығына көптеген сұрақтар қойып, көңіл толатын жауаптар алды. Атап айтқанда, айлық жалақыны көтеру, медициналық сақтандыру қызметі сапасын арттыру, қызметкерлерді оқыту және білімін жетілдіру мәселелері көтерілді.

    

        

       

Вернуться назад

Комментарии

Оставить комментарий

Басқарма блогы

Киякбаев Зияш Калдыбекович
Бас директор
Мин Хайхуэй
Бас директордың бірінші орынбасары

Сауал қою