«Қазгермұнай» БК» ЖШС COVID-19-ға қарсы күресте аудандық ауруханаларға көмек көрсетті

08 қазан 2020

«Қазгермұнай» БК» ЖШС коронавирустық инфекцияның таралуына қарсы күресте Қызылорда аймағына көмек көрсетуді жалғастыруда. 6-8 қазанда Компанияның демеушілік қаражаты есебінен «Жаңақорған аудандық ауруханасы» ШЖҚ МКК және «Қармақшы аудандық ауруханасы» ШЖҚ МКК-на рентген аппараттары қойылды.

Жаңақорған ауруханасына аппаратты тапсыру рәсіміне Серіктестіктің Бас директоры М. К. Мұстафаев, Жаңақорған ауданының әкімі Р. Р. Рүстемов, Қызылорда облыстық денсаулық сақтау басқармасы бастығының орынбасары А. А. Шүкірова қатысты. Аудан әкімі Қазгермұнай ұжымына пандемия кезінде аса маңызды және өзекті болып табылатын көрсетілген қайырымдылық көмек үшін алғыс білдірді.

8 қазанда Мұрат Кеңесбайұлы осындай рентген аппараты ұсынылған Қармақшы аудандық ауруханасында болды. Қармақшы ауданы әкімінің орынбасары А.У. Қошалақов пен аурухананың бас дәрігері Б. С. Нысанбаев Компанияға демеушілік көмек үшін ризашылығын білдірді.

Коронавирустық пандемия кезінде мобильді немесе жылжымалы рентген сәулелері дәрігерлер үшін өте маңызды. Бұл науқасты арнайы кабинетке тасымалдамай, оның жағдайын сол жерде бағалауға, ал жылдам диагностика емдеуді тезірек және дұрыс таңдауға мүмкіндік береді. Науқастың өмірі көбінесе оны басқару тактикасына қатысты қабылданған шешімге байланысты болғанда, мұндай жылдамдық COVID-19-ды емдеуде өте маңызды екенін тәжірибе көрсетті. Мұндай медициналық техника бұрын осы аудандық ауруханаларда болмағанын айта кету қажет.

 

Вернуться назад

Комментарии

Оставить комментарий

Басқарма блогы

Лю Шаою
Бас директор
Ізмұханбет Ринат Нұрғожаұлы
Бас директордың бірінші орынбасары

Сауал қою